Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасарын қызметінен босатты

cover Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Қанат Сейдіғаппаровты қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.

Құжат дүйсенбі күні Ақорда сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Қанат Серікұлы Сейдіғаппаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен босатылды» делінген құжатта.

Бұл шешімнің себебі түсіндірілмеген.

Сейдіғаппаров 2022 жылдың сәуірінен бастап Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметін атқарды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар