Тоқаев энергетика министрін қабылдады

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Министр Тоқаевқа еліміздегі отын-энергетика кешенінің жағдайы, негізгі жобаларды жүзеге асыру барысы және секторды одан әрі дамыту жоспары жөнінде есеп берді. 

Ерлан Ақкенженов мұнай саласында орнықты динамика сақталып тұрғанын айтты. 

«Сол арқылы Шымкент мұнай өңдеу зауыты жылына – 6-дан 12 миллион тоннаға, Атырау мұнай өңдеу зауыты – 5,5-тен 6,7 миллион тоннаға және Павлодар мұнай-химия зауыты 5,5-тен 9 миллион тоннаға дейін өндірістік қуатын арттырады», — деді министр. 

Ол Тоқаевқа 2029 жылға дейін салынатын жаңа энергетикалық нысандар жайында мәлімет берді. 

Биыл Алматы қаласында екінші жылу электр орталығының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар Қызылорда мен Түркістан облыстарында бу-газ қондырғылары базасында электр станциясы бой көтереді. 

Президент отын-энергетика секторын одан әрі дамыту, соның ішінде мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және электр энергиясы салаларында жоспарланған жобаларды уақтылы әрі сапалы жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырма берді. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар