Тоқаев халықты жаңа жылмен құттықтады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы халыққа арнаған сөзінде өтіп бара жатқан жылдың қорытындыларын атап өтіп, ел дамуына қосқан еңбегі мен үлесі үшін азаматтарға алғыс айтты, сондай-ақ жаңа жылда бейбітшілік, бақ-береке және табыс тіледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Президенті дәстүрлі жаңа жылдық құттықтауы арқылы ел азаматтарын жаңа жылмен құттықтады. Мемлекет басшысы 2025 жылдың қорытындысын шығарып, алдағы кезеңге арналған басымдықтарды айқындады.
Президенттің айтуынша, 2025 жыл Қазақстан үшін жасампаздық жылы болды. Күрделі халықаралық жағдайға қарамастан, ел экономикасы тұрақты өсім көрсетті: жалпы ішкі өнім 6 пайызға артты, ал алтын-валюта резервтерінің көлемі 62 миллиард АҚШ долларынан асты. Ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды, соның ішінде Достық — Мойынты теміржолының екінші желісі іске қосылды, сондай-ақ 13 мың шақырым автомобиль жолының құрылысы мен жөндеу жұмыстары басталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығындағы жетістіктерге де тоқталып, аграршылардың екінші жыл қатарынан мол өнім жинағанын атап өтті. Фермерлерге бұрын-соңды болмаған көлемде — 1 триллион теңге мөлшерінде қаржылай қолдау көрсетілді. Әлеуметтік салада бір жыл ішінде 19 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, 100-ден аса мектеп пен 200-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды.
Болашақ жоспарлар жөнінде айта келе, Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанын хабарлады. Президент Қазақстан жаңғырту бағытын, бизнесті және әлеуметтік саланы дамытуды, сондай-ақ «Таза Қазақстан» жобасын іске асыруды жалғастыратынын атап өтті. Ол табанды еңбек арқылы елдің халық игілігі жолында жаңа жетістіктерге жететініне сенім білдірді.
Жаңа жылдық үндеуінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерекені жұмыс орнында қарсы алып жатқан отандастарына да алғыс айтты.
Мемлекет басшысы осы сәтте көптеген қазақстандықтардың қызмет атқарып, еңбек етіп жатқанын, өз ісіне адалдығы мен қоғам алдындағы жоғары жауапкершілігін көрсетіп отырғанын атап өтті. Президент олардың жанқиярлық еңбегін жоғары бағалайтынын айтып, ерекше ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мен балаларға арнайы үн қатты. Оның айтуынша, қазіргі ұрпақ жаңа құбылыстар мен үлкен мүмкіндіктер дәуірінде өмір сүріп жатыр, сондықтан әр адам өзіне, өз күшіне және қабілетіне сенгені маңызды. Президент Абайдың еңбек пен ақылдың мәні туралы сөзін еске салып, жас қазақстандықтарға жігерлі, еңбекқор және мақсатшыл болуғ үндеді.
Құттықтау сөзінің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев барша азаматтарға зор денсаулық, бақ-береке мен табыс, сондай-ақ қоғамда бейбітшілік пен келісім тіледі. Ол әр шаңырақта бақыт орнап, Қазақстан дамуы мен өркендеу жолын жалғастыра береді деген үмітін білдірді.
«Барша отандастарыма зор денсаулық, бақ-береке мен табыс тілеймін!
Елімізде әрдайым тек бейбітшілік пен келісім орнасын!
Әр шаңырақ бақытқа толы болсын!
Көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Отанымыз — Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!
Жаңа жыл құтты болсын!»
Жаңалықтар
- Абай облысында жол апатынан 4 адам тіл тартпай кетті
- Оңтүстік Кореяның экс-президенті өмір бойына сотталды
- «Эпштейн ісіне қатысы бар»: Бұрынғы британ ханзадасы Эндрю ұсталды
- «Шариғатқа қайшы»: Ауғанстан билігі 500-ден астам музыкалық аспапты өртеп жіберді
- Екі облыс тұрғындары жер сілкінісін сезді
- «Ұрлап әкетпек болған»: Таразда 13 жастағы қызды құтқарған ер адам марапатталды
- Атырауда алтыннан қымбат «Алтын белгіге» қатысты сот шешімі шықты
- Өз ағзасын сатуға оқталған адам жазадан құтылып кетті
- Қырғызстанда TikTok-ты бұғаттау шешімі қайта қаралуы мүмкін
- Оразада азық-түлік бағасы арзандайтыны рас па? Бас мүфти үндеу жасады
- Балқашта көпқабатты үй ортасынан опырылып түсті: Тұрғындар аман ба?
- «Идеология емес, ұлттық мүдде»: Тоқаев Қазақстанның жаңа геосаяси таңдауын айтты
- Олимпиада- 2026: 19 ақпанда 7 медальға талас, Софья Самоделкина шығады
- Мәнерлеп сырғанаудан тағы бір медальға үміт бар ма?
- Алматыда тұңғыш президент саябағы жөндеуден өтеді
- Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
- «Виза шектеулерін енгізді»: АҚШ Иран халқының құқығын шектегендерге шүйлікті
- Тоқаев Вашингтонда отандастарымызбен кездесті
- Ақтөбеде мопед тізгіндеген 8-сынып оқушысы жол апатына ұшырады
- Ақтөбе облысында жас мұғалімнің мәйіті табылды