Тоқаев Голан жоталарынан оралған бітімгерлерді марапаттады
Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы қазақстандық бітімгерлерді марапаттады, деп хабарлайды Orda.kz.
Президент 20 бітімгерді әскери борышын үлгілі атқарғаны үшін, БҰҰ Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.
Осыдан бір жыл бұрын 139 адамнан тұратын алғашқы бітімгерлік контингент Голан жоталарына аттанған еді. Олардың арасында 7 әйел әскери қызметші бар. Әрбір әскери қызметшіге айына 1 448 доллар (730 мың теңге) төленеді.
Марапат қатарында бірінші, екінші және үшінші дәрежелі «Айбын» ордені мен «Жауынгерлік ерілігі үшін» берілетін медаль бар.
Еске сала кетейік, Голан биіктігі — Израиль мен Сирия арасындағы даулы аумақ. Теңіз деңгейінен мың метрден астам биіктіктегі 2 мыңға жуық шаршы шақырым болатын жанартаулы, таулы үстірт.
Айта кетейік, 10 сәуір күні Жетісу облысы Алакөл ауданында орналасқан балық зауытында өрт шықты. Зауыттағы жарылыстың алдын алған құтқарушы көз жұмды.
Жаңалықтар
- Тегеранға жасалған соққылар кезінде жараланған Хаменеидің кеңесшісі көз жұмды
- 25 млн теңге талап еткен: Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалаған бойжеткен ұсталды
- Еліміздің әртістері миллиардтаған табыстан қағылып келген
- Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын құттықтады
- Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды
- Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
- Қостанайда ер адам тұрғындарды алдап, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталды
- Импортқа тәуелділік қашан азаяды? Мәжілісте мұнай-газ мәселесі көтерілді
- Баламды төртке бөліп тастапты: Бірін қабірге аттандырып, екіншісін мүгедек еткен 21 жастағы жүргізушіге сот жеңіл жаза берді
- Зеленский Ресейде Telegram-ның бұғатталуы туралы: Соғысты тоқтату үшін
- Украина Пасха мерекесіне орай уақытша бітімге келуге дайын екенін мәлімдеді
- Жетісудағы қатыгездік: Дәрігерді күрекпен аяусыз сабап тастады
- Шығын — 4 миллиард теңге: Аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған «басшы» Грузиядан экстрадицияланды
- 4 мыңнан астам қоқыс үйіндісі анықталды: Лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды
- Ертеңнен бастап негізгі ҰБТ-ға өтініш тастауға болады: Тестілеу қашан басталады?
- Дикий Арман қырғыз моделімен ажырасып кетті
- Қаза тапқандар бар: Камчаткада жоғалған туристер табылды
- Тоқаев қазақстандық боксшы қыздарымызды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
- Иран АҚШ пен Израильден өтемақы талап етпек
- Түркияда нөсер жаңбыр салдарынан екі адам қаза тапты