Тоқаев елшілерді ауыстырды
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан елшілерін ауыстырып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы 23 мамыр күні Қазақстанның шетелде жүрген елшілерін ауыстырды.
Кім келді, кім кетті?
- Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылып, оның орнына Рауан Жұмабек тағайындалды.
- Барлыбай Садықов Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылып, орнына Жалғас Әділбаев тағайындалды. Ал Барлыбай Садықовтың өзі Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Найроби қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
- Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.
Еске сала кетейік, Вашингтонда Ақ үйден 2 шақырым жерде орналасқан мұражайда Израиль елшілігінің 2 өкілін атып кеткен болатын. Осы жағдайдан кейін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Израильдің бүкіл әлемдегі елшіліктеріндегі қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. Ал «Орда» тілшілері осы оқиға аясында ҚР дипломатиялық қызметіне сауал жібергенде, дипломатиялық қызмет қорғау жайлы сұраққа бұл ақпараттың құпия екенін ескертіп, еш жауап бермеді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды