Тоқаев бірқатар елшілерді тағайындады

cover Фото: gov.kz

Талғат Шалданбай Қазақстан Республикасының Иорданиядағы елшісі болып, Тимур Жақсылықов    Қазақстан Республикасының Беларусьтегі елшісі лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды» делінген жарлықта.

Бұл қызметте Тимур Жақсылықов Ерлан Байжановты ауыстырды. Сонымен қатар, Тимур Жақсылықов ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды» делінген жарлықта.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар