Тоқаев баршаға тең мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстан туралы айтты
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев баршаға тең мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құрып жатқанымызды айтты. Оның айтуынша жуырда қабылданған жаңа Конституция еліміздің жасампаз әлеуетінің айқын көрінісіне айналды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Жұртшылықпен ақылдаса отырып әзірленген Жаңа Халық Конституциясы ұлттық рухымыздың қуаты мен ауызбіршілігімізді, толеранттылығымызды паш етеді. Заң мен тәртіп үстемдік ететін, білім, ғылым, мәдениет, технология, табиғатты аялау және спорт құндылықтары дәріптелетін қоғамда өмір сүруге деген ортақ ниетімізді көрсетеді. Тәуелсіздігіміз, егемендігіміз бен мемлекетіміздің аумақтық тұтастығы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, еңбекқорлық, жауапкершілік, патриотизм, сондай-ақ адами капиталды жан-жақты дамыту сияқты маңызды қағидаттар Ата заңымызға арқау болды» ,— дедә президент.
Сондықтан халқымыз конституциялық реформаны біртұтас қоғам болып жаппай қолдады, әр азаматымыз еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс берді. Себебі мән-мазмұны жаңарған Конституция әр адамның дамуына жағдай жасайды. Ата заңда адам капиталын, яғни, білім, ғылым саласын және инновацияны дамыту елдің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды.
«Ұлт саулығын сақтауға баса мән берілді. Конституциямыздың басты мақсаты – еліміздің Тәуелсіздігін, Егемендігін және жерінің тұтастығын қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету. Енді алдымызда тұрған өзекті мәселе – Конституциямыздың негізгі қағидаттарын елімізде және шетелде кеңінен түсіндіру және дәріптеу. Қазақстан параспортшылары өздерінің тамаша жетістігімен, жарқын жеңісімен мемлекетіміздің мызғымас құндылықтарын нығайтуға мол үлес қосып жүр деп айтсақ артық болмас, – деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар президент бапкерлерге, демеушілерге, дәрігерлерге және параспортшылармен жұмыс істейтін барша маманға ризашылығын білдірді
Мемлекет басшысы Ербол Хамитовтың жетістікке жету жолында оның бапкерлері айрықша рөл атқарғанына назар аударды.
«Сіздер Ербол Хамитовқа білгендеріңізді үйретіп, тәжірибелеріңізбен бөлістіңіздер. Оның чемпионға тән табандылық танытып, биік мақсатқа ұмтылатын күрескер мінезін шыңдадыңыздар. Олимпиада жылнамасына есімін жазған белгілі, көрнекті спортшы болуына күш салдыңыздар. Сіздерге алғыс айтамын. Орайлы сәтті пайдаланып, бапкерлерге, демеушілерге, дәрігерлерге және параспортшылармен жұмыс істейтін барша маманға ризашылығымды жеткізгім келеді» ,— деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, атлеттеріміздің жетістігі – өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Табысқа жету формуласын бәрі біледі. Алайда асқақ мұратқа қол жеткізу үшін көптеген игіліктен және өмірдің қызығынан бас тартып, қиын жолды еңсеруге екінің бірі тәуекел етпейді.
«Әлем біріншіліктерінде жеңіп алған әр медаль еліміздегі бұқаралық спорттың дамуына зор серпін береді. Бұл өте маңызды. Өйткені спортпен шұғылданатын, өз-өзін қамшылап, күн сайын шыңдайтын, сондай-ақ темірдей тәртіпке үйренген адамдар тіршіліктің тауқыметіне мойымайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бұл ретте паралимпиадашылардың жөні тіптен бөлек. Олардың өмірі – нағыз ерліктің, қайтпас қайсарлық пен мұқалмас ерік-жігердің үлгісі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент «Ұлттық паралимпиада құрамасының әр мүшесі Қазақстанның шексіз мүмкіндіктер елі екенін әлемге әйгілегенін» бас айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде мемлекет тарапынан паралимпиада саласына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын да атап өтті.
«Былтыр елімізде 4 заманауи инклюзивті спорт кешені жұмыс істей бастады. Алдағы уақытта осындай орталықтар әрбір аймақта көбірек ашылуы керек. Біздің демеушілер осы өте маңызды жұмыстан тыс қалмауы қажет деп ойлаймын. Жалпы, мемлекет паралимпиада қозғалысын қолдауға айрықша мән береді, бұл бағытты қаржыландыру көлемі де ұлғайды. Параспортшыларымыздың өжет мінезі мен мұқалмас жігері – көпке үлгі, өскелең ұрпаққа өнеге. Ұлттық паралимпиада құрамасының әр мүшесі Қазақстанның шексіз мүмкіндіктер елі екенін әлемге әйгіледі. Осыған орай, мен сіздерді жоғары мемлекеттік наградамен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым. Баршаңызға құтты болсын! Амандық, табыс тілеймін!» – деді президент.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық қатынас дами беретініне сенім білдірді
- Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
Жаңалықтар
- «Салық төлеушілердің көз жасы»: LRT-ның суымен көлігін жуған жүргізуші жұртты күлдірді
- Ер адам жас балаларды соққыға жыққан: Жәбірленушілер кешірім бергенге қарамай күдікті заң алдында жауап береді
- Алматыда жантүршігерлік жол апатынан кейін бақылау күшейтілді
- Тоқаев баршаға тең мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстан туралы айтты
- Мектеп оқушысы сыныптасына оқ атып, кейін терезеден секірді
- Түрік танкеріне Қара теңізде шабуыл жасалды
- Алматыдағы әл-Фараби даңғылында тағы бір жүргізуші әйелді қағып өлтірді
- Су бетін жапқан өлі балық: БҚО-дағы су айдынында балықтар жаппай қырылды
- Ақтөбеде жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
- Тегеран бес елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді
- ҰҚК заңсыз контрабандамен айналысты деген 18 шетелдікті ұстады
- Ақтөбе облысында 99 жасөспірім қыз жүкті болды
- Алматыда мереке кезінде бес мыңнан астам адам жол ережесін бұзған
- Тоқаев Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық қатынас дами беретініне сенім білдірді
- Трамп сенбіге дейін соғысты тоқтатуы мүмкін — Израильдік БАҚ
- БҚО-да тағы бір дрон құлады
- Иран АҚШ шарттарын қабылдамаса Трамп елді «тозаққа айналдырмақшы»
- Иран соғысты тоқтатудың 5 шартын атады
- Сайлаудан жалтаруда: Нетаньяху мерзімінен бұрын бюджетті бекітуге ниетті
- Тұрғын үйдегі жарылыс: Шахтинскідегі апаттан аман қалғандардың жағдайы қалай?