Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын құттықтады

cover Фото: olympic.kz мұрағатынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын Улан-Баторда өткен Азия чемпионатында табысты өнер көрсетуімен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz.       

Президент еліміздің спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленіп, отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдегенін атап өтті.

Құттықтауда жалпы жеңіске ерекше үлес қосқан Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Надежда Рябец және Дина Исламбекова есімдері аталып, олардың құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілгені айтылды.

Мемлекет басшысы қазақстандық боксшыларға алдағы уақытта да әлемдік ірі жарыстарда қазақ елінің туын абыроймен асқақтата берулеріне тілектестік білдірді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы құрметті атағын алуымен құттықтады. Құттықтауда спортшылардың жоғары шеберлік деңгейін, жеңіске деген ерік-жігер мен патриотизмді көрсеткені атап өтілген. Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелестегі Олимпиадада жеңіс тіледі.

Еске салсаақ, бұған дейін мемлекет басшысы Құрылтай сайлауы биыл тамыз айында өтетінін мәлімдеген болатын. Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойылады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар