Тоқаев Әлиевті тарихи Декларацияға қол қойылғанымен құттықтады
Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу туралы тарихи Декларацияға қол қойылуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан президентімен телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан Президенті Ильхам Әлиевті АҚШ президенті Дональд Трамптың белсенді және тиімді жәрдемімен Вашингтонда Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу туралы тарихи Декларацияға қол қойылуымен құттықтады» деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, 9 тамызда Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамптың арағайындығымен Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев екі ел арасындағы бейбіт қарым-қатынастар туралы декларацияға қол қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев құжатқа халықаралық құқық нормаларына және БҰҰ қарарларына сәйкес қол қойылғанын, сондықтан Әзірбайжан мен Арменияның стратегиялық мүдделеріне жауап беретінін және Кавказдағы кең ауқымды халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететінін атап өтті.
Әзірбайжанның стратегиялық серіктесі ретінде Қазақстан өңірде көптен күткен бейбітшіліктің орнығуын шын жүректен құптайды.
Президент алдағы уақытта да Астананы келіссөздер алаңы ретінде ұсынуға дайын екенін білдірді. Мемлекет басшысы сондай-ақ Әлиевтің басшылығымен Әзірбайжанның халықаралық аренадағы беделі нығайып келе жатқанын атап өтті.
Тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды қолдауға келісті.
Әзірбайжан Президенті құттықтауға алғысын білдіріп, көпжылдық нәтижесіз келіссөздерді аяқтаған қол қойылған келісімнің тарихи маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ өз елінің Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылысын еске салды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда қол қойылған Әзірбайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік туралы келісімді тарихи маңызды жетістік деп атады.
Жаңалықтар
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты