Тоқаев сенбі күні үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

cover Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.

Бұл туралы Orda.kz. хабарлайды.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында үкіметтің кеңейтілген отырысы 10 шілде күні өтетінін жазды.

«10 шілде күні сағат 11:00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы үкіметінің  кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде өтеді. 

Жиында еліміздің биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады. 

Сондай-ақ  Мемлекет  басшысы  пандемиядан  кейінгі  кезеңдегі  экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді» делінген Б.Уәли жазбасында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар