Тоқаев халықты Рамазан айының басталуымен құттықтады

cover

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Рамазан айының басталуымен құттықтады. Құттықтау мәтіні Ақорда сайтына жарияланды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

—  Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін рухани тұрғыдан жаңару кезеңі. Сондай-ақ, Ораза айында өзара сыйластық пен мейірім, ізгілік пен кешірім сияқты асыл қасиеттер дәріптеледі. Жұрт көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық көрсетуге, сауапты іс атқаруға ұмтылады, - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы исламның рухани құндылықтары мен оның жасампаздық әлеуеті қоғамымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті.

—  Өкінішке қарай, биыл да Рамазан айы күрделі кезеңде өтетін болды. Жұқпалы дертті ауыздықтау үшін барлық шаралар жасалуда. Еліміздегі мұсылман жамағатын қауіпсіздік талаптарын сақтауға, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауға шақырамын. Біз бұл сынақты ауызбіршілік пен жауапкершіліктің арқасында еңсеретініміз сөзсіз, - деп қорытындылады мемлекет басшысы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар