«Терезеден жағылған қанды көрдік»: Талғарда әйелін өлтірді деген күдіктіге қатысты тың деректер
Фото: Orda.kz
Алматы облысы Талғар ауданы Рысқұлов ауылында болған қанды оқиғадан бері бес күн өтті. Ауыл тұрғындары әлі де ес жия алар емес. Orda.kz оқиға болған ауылға барып, мән-жайды біліп қайтты.
Марқұм болған 38 жастағы әйел туралы ауыл тұрғындары өте жақсы пікірде. Тіпті оны өлтірді деген күдікке ілінген ер адам туралы да жағымсыз сөз айтқандар кемде-кем.
«Ешқандай жаман қылықтарын естіген емеспіз. Тәп-тәуір отбасы болатын. Ері мен әйелі ылғи қол ұстасып бірге жүретін. Серуенге шыққанда да, дүкенге барғанда да жұптары жазылмайтын», – деді көршісі Бәтима (аты-жөні өзгертілген).
Түнде болған қанды оқиға туралы көрші-қолаң тек ертесіне түс кезінде естіген.

«Полиция қаптап кетті. Мән-жайды сұрастырсақ, әйелді өлтіріп кеткенін айтты. Ол келіншектің ешқандай артық жүрісі жоқ еді, өзі аспаз болып істейтін. Күйеуі қара жұмыста, құрылысшы болып еңбек етеді деп естігенбіз», – деді ауыл тұрғындары.
Марқұм әйел ата-анасының үйімен дәл іргелес тұрған. Соған қарамастан, үйде болған жанжалды ешкім естімеген.
«Марқұмның денесі қылмыс болған үйден шығарылды. Жаназасына жиналған жұртты да сол үйге күтіп алды. Біз барып көмектестік. Сонда бір бөлменің терезесінен жағылған қанды көрдік. Есігі де былғаныпты, бірақ сүртіп тазалап қойған екен», – деді Бәтима.
Қайғылы жағдай кезінде үйде марқұмның бес жасар қызы болған. Оқиға бүлдіршін ұйықтап жатқанда орын алыпты.
«Сағат түс кезінде естіп, бірден жеттім. Әке-шешесі жоқтап отыр екен. Сол бес жасар жиені келіп, нағашы ата-әжесіне айтыпты. "Мамам ауырып қалды" десе керек. Барсам, қызымды өлтіріп кетіпті. Есікті кілттеп, кілтті лақтырып кетіпті, кейін тауып алдық деді», – деді Гүлайша есімді көрші әжей.
Көршілерінің айтуынша, күдікті ер адам Қарақалпақстаннан көшіп келген. Бұл ақпаратты марқұмның сіңлісі де растады.
«Бізге қысым көрсететіндей оның бұл жақта ешкімі жоқ. Қарақалпақстаннан келген азамат. Туыстарының бәрі сол жақта тұрады. Марқұм менің туған әпкем болады. Бірақ қандай да бір ақпарат бергіміз келмейді. Оқиға болған сәтте полицияға ешбір мәлімет таратпау туралы ескерткенбіз. Алайда БАҚ өкілдері біздің рұқсатымызсыз ақпарат таратып жіберді», – деді марқұмның сіңлісі Назира.
Оқиға орнынан қашып кеткен күдікті қолға түсіп, қамауға алынды.
«Рысқұлов ауылының тұрғынын өлтірді деген күдікпен 45 жастағы ер адам қамалды. Отбасылық жанжал кезінде ол азаматтық некедегі жұбайына екі рет пышақ салған. Соның салдарынан жәбірленуші бірнеше сағаттан кейін қайтыс болды», – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
Қазіргі таңда қылмыстық іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
- Жаркентте баласын байлап сабаған әйелдің психоневрологиялық есепте тұрғаны анықталды
- Алматыда үй иесін байлап, қарақшылық қылған 2 адам ұсталды
- «Терезеден жағылған қанды көрдік»: Талғарда әйелін өлтірді деген күдіктіге қатысты тың деректер
- Талғардағы аурухана барған қыздың жұмбақ өлімі: ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
- Жаңаөзен қаласында көлік апатынан 2 адам қаза тауып, 5 ауыр жарақат алды
- «Бұл – жаңа саяси модель» — Тоқаев ірі реформа туралы айтып, Құрылтайда нақты идея ұсынылатынын меңзеді
- СҚО-да өртеніп шатыры құлаған үйден 5 жасар қыздың денесі табылды
- Трамп Тоқаевты Газадағы бейбітшілік кеңесіне шақырды
- Философ Дугин Қазақстан тәуелсіз ел бола алмайды деп мәлімдеді
- Шымкенттегі университетте қаржы жымқыру ісі сотқа жолданды
- Жаркентте баласын жылыту батареясына байлап өлімші етіп сабаған әйел ұсталды
- Иран билігі наразылық кезінде 5 мың адам қаза тапқанын хабарлады
- Айына 145 мың теңге алатын қазақстандықтар жеке табыс салығынан босатылады
- Құтқарушылар Атырау облысында қар құрсауынан екі адамды құтқарды
- Үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқандар мен ТК жарнамалағандарға айыппұл айтарлықтай өсті
- Қарағандыда екі әйел есірткінің ірі партиясымен ұсталды
- Қазақстан шекаралық және логистикалық қызметтердің цифрлық форматын ұсынды
- 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы AusOpen бастала салысымен тарихи нәтижеге жетті
- Рамзан Қадыров ұлының апатқа ұшырағанын жоққа шығарып, оған кезекті марапат берді
- «Ажырасып депрессияға шалдыққан»: Шымкентте әйел туған балаларын өлімші етіп сабап, денесіне үтік басқан