Теннис чемпиондары қанша сыйақы алатыны белгілі болды

cover

13 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда теннистен ерлер мен әйелдер арасындағы Ұлттық чемпионат басталады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Бұл жарыстарға республиканың барлық аймақтарынан жүзден астам теннисші қатысуды жоспарлап отыр, - деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметі.

Көптеген жетекші қазақстандық теннисшілер жеңімпаз атағы мен 5000 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйлық үшін таласады. Ерлер арасында Дмитрий Попко, Тимофей Скатов және Денис Евсеев фавориттер тізімінде. Қыздар арасында Гөзел Айнитдинова мен Жібек Құламбаева чемпиондыққа үміткер.

Шешуші кездесу 17 қыркүйекте өтеді.

Сыйлықтан басқа, чемпионат жеңімпаздары республикалық чемпионаттан кейін өтетін Astana ATP 250 және WTA250 кәсіби турнирлеріне «Wild-card» алады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар