Теміртауда ер адам өз үйінің кіреберісінде тұрған шыршаны өртеп жіберді

cover Фото: Әлеуметтік желіден

Теміртауда ер адам жаңа жылдық шыршаны және тұрғын үйдің кіреберісіндегі мерекелік әшекейлерді өртеп тастады. Өрт тез сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиғаның бейнесі әлеуметтік желілерде тарады. Кадрда ер адамның әдейі от жағып жатқаны көрінеді.

Полиция бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, тез арада тәртіп бұзушыға тапты. Ол осы үйдің 33 жасар тұрғыны болып шықты.


Бөтен адамның мүлкіне қасақана зақым келтіргені үшін әкімшілік іс қозғалды. Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс материалдары сотқа жіберіліп, тәртіп бұзушы 10 тәулікке қамауға алынды.

Еске салсақ, биылғы жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде жаңа ережелер күшіне енді. Олар қандай аурулар тегін емделетінін және медициналық көмектің сақтандырылу мәртебесіне тәуелді-тəуелді еместігін айқындайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар