Темірлан Еңсебекке кесілген жаза күшінде қалды
Фото: Темірлан Еңсебектің мұрағатынан
27 мамыр күні Алматы қалалық сотында QazNews24 парақшасының авторы Темірлан Еңсебектің апелляциялық шағымы қаралды, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске сала кетейік, 11 сәуір күні Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында инстаграмдағы Qaznews24 сатира парақшасының бұрынғы авторы Темірлан Еңсебекке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Журналист бес жылға бас бостандығынан шектелді. Оған ұлтаралық араздық қоздырды деген айып тағылып, экстремист деп танылды.
Бес жыл ішінде Темірлан Еңсебекке журналистикамен және саясатпен айналысуға, митингілерге қатысуға, грант алуға, тіпті мәдени шараларға баруға тыйым салынған. Сонымен қатар жыл сайын 100 сағат қоғамдық жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ, жеке техникасы тәркіленді. Бұл — үкімдегі 15 тармақтың бір бөлігі ғана.
Енсебектің апелляциялық шағымын үш судьядан тұратын алқа қарады. Сот отырысы ZOOM қосымшасында онлайн өтті.


Адвокат Жанар Балғабаева тыңдауды ашық әрі офлайн режимде өткізуді сұрағанымен, сот «ондай қажеттілік жоқ» деп шешті. Қорғау тарабы бірнеше өтініш берді:
- Жариялылықты қамтамасыз ету — бұл жолы қанағаттандырылып, бақылаушылар отырысқа қосылды;
- Сот отырысын офлайн өткізу (қабылданбады);
- Филологтың сараптамасын іске тіркеу (бұл бірінші инстанцияда орындалған).
«Қылмыстық іс үшін сот өте жылдам өтті. Бар болғаны үш күнге жетпей аяқталды. Сот жартылай онлайн, жартылай офлайн өтті. Сотта түсірілім жасауға рұқсат берілмеді. Мен қорғауымдағы адаммен сөйлесе де алмадым. Судья шешімді өзі дербес қабылдамады», — дейді адвокат Жанар Балғабаева.
Сөз кезегі Темірлан Еңсебекке келгенде, ол айыптауға себеп болған жазба ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің арандату үшін жасаған мәлімдемесіне сатиралық жауап болғанын айтты.
«Тина Канделакидің «Қазақстанда нацистер пайда болды, оларға қарсы күресу керек» деген сөздеріне лайықты жауап ретінде жарияланған пост еді. Мен журналист әрі азаматтық белсенді ретінде өз пікірімді білдірдім. Бұл жазба 2024 жылғы 22 қаңтарда жарияланған, бірақ мені полиция 2025 жылғы 17 қаңтарда ғана тінтуге келді. Маған қосымша шектеулер қойылды. Ең басты жұмысым – журналистік, құқық қорғау, қайырымдылық істерімен айналысуға тыйым салынды. Енді тіпті көмек көрсетуге де болмайды», – деді ол.
Сондай-ақ, Еңсебек өзін геноцид жасаған қылмыскерлермен бір қатарға қойғанына наразылық білдірді.
Сот қандай үкім шығарды?
Істі Алматы қалалық сотында төрағалық етуші судья Арман Шамшиев, сондай-ақ судьялар Ілияс Сабдан мен Людмила Бектемірова қарады. Сот отырысына хатшы Жанар Мәдібек пен прокурор Әлиева да қатысты. Тараптар 1,5 сағатта тыңдалып, сот кеңесу бөлмесіне кетті. Судьялар үкімі келесі жарты сағатта белгілі болды.
«2025 жылы 11 сәуірде Темірлан Еңсебекке қатысты Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотының шешімі өзгеріссіз қалды. Үкімнің қорытынды бөлігін келесі абзацпен толықтыру қажет: Қоғамдық қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза Қылмыстық кодекстің 50-бабы 3-бөлігіне сәйкес бес жыл мерзімге тағайындалсын. Прокурордың апелляциялық өтініші қанағаттандырылсын. Қорғаушының шағымы қанағаттандырылмайды», деп мәлімдеді Алматы қалалық соты.
Еске сала кетейік, 11 сәуір күні сотта ахуал шиеленісіп, адвокаттың өтініштері мақұлданбады. Журналистерді қызметкерлер қатаң бақылауда ұстады.
Жаңалықтар
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?