Темірлан Еңсебек судьяны шеттету жайлы шағым түсірді

cover Фото: Orda.kz

QazNews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек судьяны іс жүргізуден шеттету туралы шағым түсірді, деп хабарлайды Orda.kz.

Темірлан Еңсебектің ісі Алматыдағы Наурызбай аудандық сотында қаралып жатыр. Еңсебектің адвокаты соттың оны «алалап отырғанын» алға тартты. Сондай-ақ, процесуалдық бұзушылықтар болғанын атап өтті. Осыдан кейін судья сот залынан шығып, үзіліс жарияланды. 

Еске салайық, бұған дейін Еңсебектің адвокаты Жанар Балғабаева сотқа біраз өтініш түсірген еді. Ол бұрын уәде етілгендей, бақылаушыларға толыққанды жағдай жасауды сұрады. Сонымен қатар, қорғаушы Еңсебектің сотқа қатысуы керек екенін айтты. Алайда сот бұл талаптарды қанағаттандырмады.

«Олар нақты уақытты алдын ала белгілеуі керек еді. Ал енді келгені көзбояушылық сияқты. Тіпті хатшысы да сол күйі қалған. Сол адамдармен бірге келді. Яғни, барлығы жай ғана рәсім үшін істеліп отыр», – деді Жанар Балғабаева.

Жанар Балғабаева судьяның хатшысын да істі қараудан шеттету керек екенін айтты. Судьяның хатшысы да сот залынан шығып кетті.

Бұған дейін Бейнегүл Қайсина қорғаушы тараптың бірқатар өтінішін қанағаттандырмаған еді. Сонымен қатар, журналистерге бақылау күшейтілген. Ал судья:

«Сот қоғам пікіріне сүйенбейді», — деп мәлімдеген болатын.

Кеше сот ғимараты алдында белсенділер ұсталғаннан кейін бүгін келушілер саны күрт азайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар