Темірлан Еңсебек соттағы соңғы сөзінде не айтты?
Фото: Orda.kz
QazNews24 сатира парақшасының авторы Темірлан Еңсебек сотта соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол өзіне қарсы істің саяси астары бар екенін алға тартты.
«Бұл — саяси астары бар іс. Өзім де Қазақстанның халықаралық беделіне алаңдаймын. Маған шығарылған үкім — ескерту секілді. Ешкім журналистік қызметпен ашық айналыса алмайды деген белгі. Енді менің әріптестерім өз кәсібінен қорқатын болады. Шектеулерге таңғалып отырмын. Бұл бапта ондай шаралар тіпті қарастырылмаған. Бес жыл деген — шектен тыс көп жаза. Мен бес жыл бойы “террорист” деген мәртебемен өмір сүремін. Осы уақыт ішінде үнсіз жүруге мәжбүр боламын. Шоттарым бұғатталады. Ата-анам мен болашақ жарымның мойнында отырамын. Соттың мейіріміне үміт артамын. Айыппұлмен шектелуге мүмкіндік беріңіздер. Маған журналистік, саяси және қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынатынын ұқтым. Бұл — мойныма тағылған қарғыбау секілді. Дем жетпей барады», – деді Еңсебек.
Еске салсақ, прокурор Темірлан Еңбесекті 5 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
17 қаңтар Qaznews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке ұлтаралық араздық қоздырды деген айып тағылған болатын.
Сатира паблигінің авторы ұсталғанын желі қолданушылары да, белсенді азаматтар да қызу талқылады. Тіпті наразы болған белсенділер Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрының алдына плакат ұстап шықты.
19 қаңтар күні журналист әрі Art of Her журналының бұрынғы бас редакторы Руслан Бикетов жалғыз өзі пикетке шыққан еді. Оны полиция ұстап, 15 күнге қамады. 20 қаңтар күні шыққан журналист Әсем Жәпішеваны да полиция ұстады. Ал 21 қаңтар күні «Oyan, Qazaqstan» қозғалысының мүшесі Ақмарал Жәкібаева да пикетке шықты. Оны да полиция ұстап әкетті. Дәл сол күні Темірлан Еңсебекке қолдау білдірген Сергей Зинченконы да полиция ұстап әкетті.
Кеше өткен сотта да Темірлан Еңсебекті қолдап келген Айгүл Нұрболатова, Дархан Шәріпов, Ақторғын Ақкенжебаласы және Қонысбай Ырыскелдіні полиция ұстап, бөлімшеге жеткізді.
Жаңалықтар
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды