Telegram 30 миллиард долларға бағаланды

cover

Telegram мессенджерінің құны 30 миллиард долларды құрайды. Мұндай пікірді оның 5-10% акциясын сатып алуға болатынын айтқан инвесторлар айтты, деп хабарлайды The Bell.

Бұл мессенджер құнын соңғы жылдардағы алғашқы нақты сыртқы бағалау екендігі көрсетілген.

«Ұсыныс өткен аптаның соңында жасалды, бірақ Telegram негізін қалаушы Павел Дуров оны қабылдамады», - деп жазады газет.

Дуровтың пайымдауынша, оның компаниясы қазір несие алу керек. Ол сату туралы сөз болмады дейді.  

Бұған дейін Павел Дуровтың Telegram-ға несие тарту туралы банктермен және инвесторлармен келіссөздер жүргізгені хабарланған болатын.

Еске салсақ, 13 қаңтарда Telegram қолданушыларының саны 25 миллионнан асқаны белгілі. Дуров Telegram-ға адамдардың көптеп келуін WhatsApp-тың жаңа пайдаланушы келісімшартын енгізгенімен түсіндірді. Жаңа келісім жеке деректерді жарнамалық әлеуметтік желіге жіберуге міндеттейді.

2020 жылдың қыркүйегінде Telegram-да толық түсініктемелер жазу мүмкіндігі пайда болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар