Теңіз кенішіндегі 6,5 мың мұнайшы «Спутник V» вакцинасын алуға ниет білдірді

cover

Қазіргі уақытта ТШО-ның 1 мыңнан астам қызметкері коронавирусқа шалдыққан.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТШО-ның жұртшылықпен және Үкіметпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев мәлімдеді.

Үкіметпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев

Қызметкерлерді екпемен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау басқармасы «Спутник V» вакцинасының 4 мың дозасын бөлген.

Бұл мақсатта Атырау қаласы мен Теңіз кенішінде егу орталықтары ашылды.

— Қазіргі уақытта вакцинаны 1 мыңнан астам қызметкер алды, тағы 6,5 мың адам кезекте тұр. Өндірісте вакциналау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Вакцинаны тұрғылықты жері бойынша алған қызметкерлер де бар, басқа қаладан келгендер тіркелген жері бойынша егіледі, - деді Рзабек Артығалиев.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Теңіз кен орнында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуінің оң динамикасы байқалады. Соңғы тәулікте Covid - 19 жұқтырудың 3 жағдайы тіркелген.

Эльмира Тұңғатарова, Атырау

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар