Тарихта алғаш рет Нью-Йоркті мұсылман мэр басқарады
Фото: Shannon Stapleton/REUTERS
34 жастағы Зохра Мамдани Нью-Йорк мэрі сайлауында жеңіске жетіп, республикашыл Кертис Сливаны және тәуелсіз үміткер, бұрынғы губернатор Эндрю Куомоны басып озды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол — қаланы басқаратын алғашқы мұсылман. Мамдани Үндістанда дүниеге келген. Кейін отбасы алдымен Оңтүстік Африкаға, содан соң АҚШ-қа қоныс аударған. 2018 жылы ол АҚШ азаматы атанды.
Саясатқа келмей тұрып Мамдани баспанасынан айырылу қаупі бар тұрғындарға көмек көрсетумен айналысқан. Сондықтан оның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыты қолжетімді баспана болды. Сондай-ақ жаңа мэр жоғары табысы бар азаматтарға салынатын салықты арттыруды, ең төменгі жалақыны біртіндеп сағатына 30 долларға дейін өсіруді, мектепке дейінгі білім беруді тегін ету мен қоғамдық көлікте тегін жүру жүйесін енгізуді көздеп отыр.
Айта кетейік, 4 қарашада АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті, республика партиясының өкілі Дик Чейни 84 жасында өмірден өтті.
Жаңалықтар
- Талдықорғанда мас полицей 60 жастағы әйелді қағып кетті
- Абай облысында Азия чемпионы жол апатынан қаза тапты
- LRT жобасына тағы 66 млрд теңге бөлінеді
- Ауқым жинау немесе құрмет: «Интер» қазақ тілінде жазба жариялады
- Тарихта алғаш рет Нью-Йоркті мұсылман мэр басқарады
- Мас күйде темір тұлпар басқарған астаналық судьяның көлік жүргізу куәлігінің мерзімі шығып кеткен
- «Шатастырып алған»: Түркістан облысында 17 жастағы жігітті атып өлтірді
- Индира Елеместі түрмедегі бұрынғы күйеуі үйсіз қалдырды
- Заң бойынша тоқал алуға рұқсат беру керек — Абзал Құспан
- Ақмола облысында күйеуін өлтірген әйел жазадан босатылды
- АҚШ тарихындағы ең ықпалды вице-президент өмірден өтті
- «Ауытқуы бар»: Ақтөбеде түсік жасатқан және спираль салдыртқан жасөспірім туралы жаңа деректер белгілі болды
- Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанова айыппұл төледі
- Кәрім Мәсімовтің самурай қылышы аукционда сатылды
- Түркістан облысында атыс болып, жасөспірім қаза тапты
- Қазақстанның сыртқы қарызы 15,9 миллиард долларға жетті
- Мас болып көлік тізгіндеген судья әлі бостандықта жүр
- Тоқаев бастамасы: футбол клубтары жекешелендіріліп жатыр
- Ақтөбе облысында 12 адамның өмірін қиған жол апаты: екі адам ауруханадан шықты
- Қарағандыда «қайырымдылық» атын жамылған қаржы пирамидасы әшкереленді