«Тарихи сәтті түсіруге мүмкіндік бермеді»: фотографтар мен журналистер Көшпенділер ойындарын сынады

cover Фото: Максат Шағырбай

Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. Дүниежүзілік додаға 89 елден келген 1300 журналист назар тікті. Бірақ шараның ауқымдылығына қарамастан, көптеген БАҚ өкілдері жұмыс жағдайына көңілдері толмағанын айтады. Танымал фотографтар, операторлар мен журналистер Көшпенділер ойындарына әдемі сюжеттер мен сурет түсіру үшін барды, дегенмен олар толықтай міндеттерін атқара алмады. Неліктен бұндай жағдай болды және қазақстандық күш құрылымдары бұл істе қандай рөл атқарды? Orda.kz тілшісі жағдайды сараптап көрді.


Алғашында Көшпенділер ойындарын ұйымдастыру Олимпиада ойындарын еске түсірді: көптеген сансыз еріктілер, баспасөзге арналған киімдер, аккредиттеу төсбелгілері және БАҚ-тың жедел жұмысына арналған бірнеше баспасөз орталықтары. Аккредитацияны бірнеше айда алды, бұл үшін веб-сайттағы кестені толтыру қажет болды. Журналист жеке мәліметтерін, жұмыс орны мен спорт түрі туралы жазба қалдыруы керек болды.

Көшпенділер ойындарының салтанатты ашылуы «Алау» мұз кешенінде өтті, бірақ хабар таратушылардан басқа журналистердің көпшілігі оны баспасөз орталығында отырып, монитор экрандары арқылы тамашалады.

Ашылу салтанатына Қазақстан Президенті және басқа да бірқатар шетелдік маңызды тұлғалар қатысқандықтан, трибунаға бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынды. Рәсімді бақылаушылардың көбі әлеуметтік желіде билеттің жоқтығына шағымданды, бірақ эфирде бос орындар бар екені көрінді.

Кейін көкпардан ойындардың финалында қазақ пен қырғыз спортшылары арасында қақтығыс болды. Жарыстың бірінші таймында Қырғызстаннан келген ойыншы біздің спортшының қамшымен бетінен екі рет салып қалғанын айтты. Бұған жауап ретінде Қырғызстан құрамасы ойынды жалғастырудан бас тартып, алаңнан кетуге шешім қабылдады. Оқиғаға жедел әрекет ету тобы (СОБР) қызметкерлері араласып, тәртіп орнатуға тырысып, керісінше жанжалды одан әрі ушықтырып, жағдай шиеленісе түсті.

Бұған қырғызстандықтарды қосқанда оншақты журналист куә болып, оқиғаға ұйымдастырушыларды айыптады.  Осыдан кейін қауіпсіздік күштері журналистерге еш түсіндірместен тарата бастады. БАҚ өкілдері Ойындарды түсіруге берілген өз орындарын сақтап қалуға тырысты, бірақ нәтиже болмады. Енді оларға көкпар, көк бөрі және жарыстың басқа да маңызды финалдық ойындарын тек жанкүйерлер лық толы трибуналар арқылы ғана көрсетуге рұқсат етілді. Осыдан кейін кейбір шетелдік журналистер болып жатқан оқиғаны ашық сынай бастады.

Фото: Тұрар Қазанғапов

Бірнеше баспасөз өкілдері Orda.kz редакциясына хабарласып, бұл мәселеге көңілі толмайтындарын жеткізді. Фотограф Мақсат Шағырбай көп жылдан бері көкпар және басқа да ұлттық спорт түрлерімен айналысып жүргенін айтады. Оның қазақы нақыштағы фотосуреттері көптеген әлемдік деңгейдегі байқауларда жеңіске жетіп, халықаралық көрмелердің экспонатына айналған. Ол көкпардағы ақтық жекпе-жекте қауіпсіздік күштерінің араласуы -  тарихқа қол жеткізу мүмкіндігінен айырғанын қынжылыспен айтты.

«Көшпенділер ойындарына қатысу үшін мен денсаулығымды құрбан еттім. Бірнеше күн көкпар мен басқа да жарыстарды суретке түсірдім. Бірақ ең шешуші сәтте біз осы мүмкіндіктен айырылдық. Ондаған қауіпсіздік қызметкерлері түсірілім орындарына кіруімізге тосқауыл қойды. Біз мұнда түрлі-түсті фотосуреттер мен репортаждар түсіру үшін жиналдық, бірақ камераға тек тәртіп сақшылары ғана түсіп қалды. Өкініш бойымды кернеді», – дейді Мақсат Шағырбай. 


Бірақ бәрінен де фотографты таң қалдырғаны қабырғалардың бірінен оның фотосуретімен 100% сәйкес келетін садақшының бейнесі бар қабырға суретінің ілініп тұрғаны болды.

Фото: Мақсат Шағырбай

Мақсат Шағырбай Көшпенділер ойынын ұйымдастырушылар оның суретін пайдалануға рұқсат алмағанын және бұл авторлық құқықты өрескел бұзу екенін еске салды.

Тағы бір қазақстандық фотограф, Қазақстан Өнер академиясының мүшесі Оңғарбек Алхаров та бізбен әңгімесінде мыңдаған журналистер мен фотографтар күтіп тұрған халықаралық деңгейдегі шарада неге қарапайымдылық ескерілмегеніне таң қалды. Ол - фото және бейне түсіруге арналған аймақтар. Оның пікірінше, мұндай тәсіл тәртіпті сақтау мен жанжалдарың алдын алады.

«Бірде-бір жерде, соның ішінде ипподром мен этноауылда баспасөзге арналған орын ұйымдастырылмаған. Біздің отандастарымыз бен шетелдіктерден БАҚ өкілдерімен қарым-қатынасқа түспеу сұралды, көптеген кәсіби этика ескерілмеді», - деді Оңғарбек Алхаров.

Әріптестерінің шағымын тағы бір танымал қазақстандық фотограф Тұрар Қазанғапов та қолдады. Ол спорттық іс-шараларда, соның ішінде бірнеше Олимпиада және Азия ойындарында жұмыс істеген кәсіби маман ретінде Көшпенділер ойындарындағыдай полиция тарапынан мұндай әрекет кездестірмегенін айтады.

Фото: Тұрар Қазанғапов

«Мұндай жағдайға тап болу жағымсыз, әрине. Дәл осындай ауқымды жарыс бізде енді қашан болатыны белгісіз. Мұнда түсірілгендер жай ғана сурет емес екенін түсіну маңызды. Бұл халықаралық аренада мойындау, есте сақтау, құрметтеу. Ең өкініштісі - шығармашылық адамы ретінде біз өз елімізде болып жатқан тарихи ойындарды әдемі беру мүмкіндігінен айырылдық. Еліміз қатысқан бірнеше Олимпиада ойындарына түсірдім, ол жерде де күш құрылымдары болды, бірақ еш жерде мұндай жағдай болған жоқ», – дейді Тұрар Қазанғапов. 



Ол егер ұйымдастырушылар қарапайым белгі немесе орындық түрінде баспасөз алаңын бергенде - БАҚ өкілдері өздерін қауіпсіз сезініп, өз құқықтарын қорғай алар еді деп қосты.

Шетелдік әріптестер де шетте қалмай, болып жатқан жайтқа өз наразылықтарын білдірді. Қырғызстанның спорт журналисі Бексұлтан Үсеналиев оқиғаның ортасында бізге түсініктеме берді.

«Өкінішке қарай, бірінші тайм біздің ойыншыға қатысты жағдайдың көлеңкесінде қалды. Оның бетінен қамшымен екі рет ұрған, оған төрешілер жауап бермеді. Бірақ қырғыз спортшылары бұған қарсы шығып, ойынды жалғастырудан бас тартты.
Осы кезде біздің адамдар алаңнан кете бастады... Федерация президенті төрешілерге барып, олар істі реттей бастады. Жалпы, бұл спорт түрі бойынша қалыпты жағдай. Бірақ мәселе мынада: біз, журналистер, осы сәтті түсіре бастадық - олар бізді қуды. Бізді бірнеше күннен бері кедергісіз хабар таратып жатқан аймақтан қуып жіберді», – деп ренжіді Үсеналиев.


Көшпенділер ойындары дирекциясы бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Бірақ журналистердің ұйымдастырушыларға қатысты шағымдарына жауап ретінде олар өкінішке қарай, күш құрылымдарының әрекетіне араласа алмайтындарын айтты.

Көшпенділер ойындарының жабылуы көрермендер мен БАҚ үшін қолжетімсіз болды. Су тасқыны салдарынан бюджеттің қысқаруына байланысты шара салтанатты ашылусыз, хаттамалық форматта және көрерменсіз өтті. Көрермендер көптен кұткен ойынның жабылу салтанатын еліміздің телеарналарынан тікелей эфирде тамашалады.

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар