Таразда ТЖМ медицина орталығының қызметкерлері пара алғаны үшін сотталды
Коллаж Orda.kz
10 қыркүйек күні Тараз қалалық соты №2 Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Апаттар медицина орталығы» филиалының уақытша басшысы А.О. Махашева мен кадр инспекторы Л.Т.Қалмұратоваға үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, олар фельдшер қызметіне жұмысқа орналастыру үшін ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Махашева 4 жылға бас бостандығынан айырылса, Қалмұратова 3 жыл 6 ай мерзімге сотталды. Сонымен қатар, екеуі де мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды.
Алайда, кішкентай балаларының болуына байланысты сот ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес жазаны өтеу мерзімін 4 жылға кейінге шегерді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды