Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен

cover Фото: freepik.com

Таразда №51 мектептің 9-сынып оқушысына көшеде жеті қыз шабуыл жасаған. Туыстарының айтуынша, шабуыл кезінде кастет қолданылған, деп хабарлайды Orda.kz.

Жәбірленушінің жақындарының сөзінше, оқиға қала көшелерінің бірінде болған. Бір топ қыз мектеп оқушысын ұрып-соққан. Шабуыл кезінде олардың кастет пайдаланғаны белгілі болды.

Салдарынан қыз ауыр жарақат алып, екі күн жансақтау бөлімінде жатқан. Ол біраз уақыт жүре алмай, мүгедектер арбасымен қозғалыпты. Туыстарының айтуынша, оқиғаға қатысты бейнежазбалар бар екен, алайда соған қарамастан күдіктілер әзірге бостандықта жүр.

Сонымен қатар, жәбірленуші тарап қазіргі уақытта  өздеріне белгісіз адамдардан қоқан-лоқы жасалып жатқанын айтып, жергілікті полициядан шара қолдануды сұрап отыр.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар