«Тамақты қарызға аламыз»: Ақтөбеде аудан әкімдігі 100-ден аса қызметкерге жалақы төлемеді
Фото: fishki.net
Ақтөбе облысы Шалқар ауданында «Ұлы Борсық» коммуналдық мекемесінің жүзден аса қызметкері жалақы ала алмай отыр. Жұмысшылар президент пен ұлттық қауіпсіздік қызметіне үндеу жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Ұлы Борсық» коммуналдық мекемесінің бір топ қызметкері бейнеүндеу жасады. Айтуларынша, мекеме жұмысшылардың еңбекақысын уақытында төлемеген.
«Жалақымыз үнемі 1-1,5 ай кешігіп түседі. Зейнетақы қорына және медициналық сақтандыруға 7-8 айлап ақша аударылмайды. Еңбек демалысының ақшасын уақытында алмаймыз. 2019 жылы жалақы көтерілді. Бірақ сол ақша жұмысшыларға төленбеді. Аудит тексеріс жүргізді. 190 млн теңге болатын заң бұзушылық жасағанын естідік. Бірақ белгісіз себептермен аяқсыз қалды. Жұмысшыларға зиянды жұмыс үшін сүт, киім берілмейді. Кәсіподақ тарапынан көмек жоқ. Біз көп жылдар бойы жасалып келген заң бұзушылықтарды қалпына келтіруді сұраймыз. Мекемеге тексеріс жіберілсін», — деді жұмысшылар үндеуде.

Уақытында жалақы алмаған қызметкерлер тамақты қарызға алып жүргендерін айтты. Араларында көпбалалы отбасылар бар.
«Осы мекемеде 10 жылдан бері істеймін. Әрдайым жалақыны 1 айға кешіктіріп береді. Оны да уақытында емес. Медициналық сақтандыруға ақша ұстайды, бірақ аудармайды. «Ақша түспеді» деп дәрігер қабылдамайды. Қазір біріміздің несиеміз бәр. Уақытында төленбей тұр. Үш балам бар, әйелім төртінші балаға жүкті. Кішкентай ақшаның уақытында түспегені қиын. Қазір бәріміз тамақты дүкеннен қарызға алып отырмыз», — деді жұмысшы Серік Ахметов.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, «Ұлы Борсық» коммуналдық мекемесі Шалқар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарайды. Кәсіпорында 176 қызметкер бар.
Аудан әкімдігі жалақының уақытында төленбей отырғанын растады.
2025 жылдың тамыз айында шілде айының еңбек ақысы және еңбек демалысы ақысы ішінара төленіпті.
«Қалған шілде айының жалақысы 5-10 қыркүйекте кәсіпорынға түсетін коммуналдық төлемдер есебінен толығымен төленетін болады. Тамыз айының жалақысы да қыркүйек айында төленеді. Кәсіпорын қызметкерлеріне сыйақы, кәсіпорынның экономикалық-қаржылық жағдайына байланысты төленбеуде. Себебі, кәсіпорын шығысы кірісіне қарағанда айтарлықтай жоғары», — деп түсіндірді Шалқар аудандық тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әділбек Мұрат.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, 2025 жылдың шілде айында жұмысшыларға киім-кешек сатып алынған. Қазіргі кезде таратылып жатыр. Бірақ жұмысшылар бейнеүндеуінде бұл туралы айтылған жоқ.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат