Талғардағы қайғылы оқиға кезінде «боттар шабуылдағаны» рас па? — Мәдиев жауап берді

cover Фото: freepik.com

Үкіметтің сейсенбідегі брифингінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Талғардағы қайғылы жағдай кезінде TikTok әлеуметтік желісінде боттар белсенділігі артты деген мәліметке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Жасұлан Мәдиев кибершабуылды зерттеу және сараптау орталығының «Талғардағы қайғылы оқиға кезінде Қазақстанда боттардың ерекше белсенділігі артты» деген ақпаратты жоққа шығарды. 

Орталық осы оқиға барысында TikTok пен Instagram әлеуметтік желілерінде Алматы мен басқа да қалаларда митинг болып жатқаны туралы фейктер пайда болған, ол үшін қаңтар оқиғасындағы видеолар қолданылған деп жариялаған еді. 

Бүгін, 24 желтоқсанда, үкімет брифингіне қатысқан цифрлық даму министрі осы мәліметті TikTok өкілдерімен талқылағанын айтты.

«Жақында кибершабуыл орталығы таратқан мәліметті алар болсақ, мен TikTok өкілдерімен - аймақтағы директорымен талқыладым. Олар боттар ұясы болып көрінген аккаунттар бір-бірімен байланысты емес екенін айтты. Олар боттар бірге әрекет етті деген мәліметті растамады. TikTok-тың нақты дәлелі менде бар», - деп мәлімдеді Жасұлан Мәдиев.






Жаңалықтар

барлық жаңалықтар