Талғар ауруханасында таяқ жеген дәрігерлер жанжал неден басталғанын айтты
Талғар аудандық ауруханасында соққыға жығылған медицина қызметкерлерінің жағдайы ауыр күйінде қалып отыр.
Медициналық мекеме әкімшілігінің хабарлауынша, анестезиолог пен медбике жансақтау бөлімінен жарақат бөліміне ауыстырылды, деп хабарлады Almaty.tv.
Таяқ жеген екі дәрігер бір бөлмеде жатыр. Енді олардың қашан толық қалпына келетінін нақты айту мүмкін емес. Ең көп зардап шеккен анестезиолог-реаниматолог Нұрдәулет Ибадулла. Оның басының ашық жарақаты, сол жақ көзінің контузиясы және басқа да жарақаттары бар.
«Соңғы есімде қалғаны, мен ес-түссіз еденде жатқанымда ұрып-соғып, тепкілеп жатқаны. Туыстары мәйітті алуға рұқсат беруімізді талап етті. Мен оларға бұл маған байланысты емес екенін түсіндірдім, бірақ олар тыңдамады. Олар мені мазақ етіп тұр деп айыптады. Бірақ бұл дұрыс емес. Мен де адаммын. Мен басқалардың қайғысын түсінемін. Мен полицияның рұқсатынсыз мәйітті бере алмадым. Нәтижесінде таяқ жеп соққыға жығылдым. Басым қатты ауырады. Сол көзім әлі ашылмайды», - деді жарақат алған дәрігер.
Естеріңізге салсақ, 19 қыркүйекте Талғар орталық аудандық ауруханасының қызметкерлеріне полицияның рұқсатынсыз қайтыс болған адамның мәйітін бермегені үшін шабуыл жасалған болатын.
Салдарынан екі ер адам төбелес шығарып, анестезиолог пен медбикені жарақаттаған. Шабуыл жасаған азаматтар 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал олардың туыстары аудандық орталық аурухана дәрігерлерін салғырттық танытты деп айыптайды.
Жаңалықтар
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді