Такси жүргізушісі полиция қызметкеріне бәкімен шабуыл жасады
Полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасаған такси жүргізушісі 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ер адам жол ережесін бұзғаны үшін өзін тоқтатқан патрульдік полиция қызметкеріне шабуыл жасады. Полицейге пышақпен шабуыл жасаған Жамбыл облысының тұрғыны 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 20 қыркүйекте Алматы-Ташкент тас жолының 168 шақырымында болған. Тойота көлігінің 61 жастағы жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан полиция қызметкерін бәкімен бауыздамақ болған.
«Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-1-бабының 1-бөлігі «Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген хабарламада.
Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, ер адам Қордай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жауап алу кезінде ұсталған азамат мұндай әрекетке тұрмыстық қиындықтар мен әйелінің қайтыс болуына байланысты барғанын мойындады.
Жаңалықтар
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді