Тайваньда атом электр станциясы өртке оранды

cover Фото: Видеодан кадр

Тайваньның оңтүстігіндегі атом электр станциясында өрт шықты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы бейсенбіде Taiwan Power Company хабарлады.

«Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі белгісіз.  Арнайы комиссия тексеріс жұмыстарын жүргізуде», деп хабарлады жергілікті басылымдар.

Компанияның мәлімдемесінде Пиндун округіндегі Мааншань атом электр станциясында өрт шыққаны айтылды. Өрт ядролық жабдықтан шамамен 50 метр қашықтықта болған және электр энергиясын өндіруге әсер етпеген көрінеді. 

Құтқарушылар өртті толығымен сөндірді. Ядролық қауіпсіздік жөніндегі комиссия радиация қаупі жоқ екенін айтты. Барлық блоктар штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр. 

Мааншань атом электр станциясы Тайваньдағы 3- ядролық нысан. Ол 1984 жылдар бері жұмыс істеп келеді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар