Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың бейтарап елдерді шарпып жатқанына қарсымыз: Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісімен кездесті

cover Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Мемлекет басшысы Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктерімен достық және бауырластық байланыстарды дамытуға, өзара мүддеге сай көптеген бағыт бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін айтты. 

Президент Таяу Шығыстағы ахуалға, соның ішінде Иран тарапының Біріккен Араб Әмірліктері аумағын бомбалап жатқанына алаңдаушылық білдірді.

«Мемлекет басшысы аталған елдің азаматтық инфрақұрылымына жасалған әскери шабуылды Қазақстан алғашқылардың бірі болып айыптағанын, бұл туралы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлескен кезде мәлімдегенін еске салды», деп хабарлады Ақорда. 

Қазақстан Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың бейтарап мемлекеттерге кесірі тиіп жатқанына наразы. Осы орайда жағдайды ушықтырмай, аталған әскери қақтығысқа қатысы жоқ БАӘ мен Шығанақ елдерінің егемендігін, аумақтық тұтастығын бұзбауға, сондай-ақ шиеленісті саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге шақырады. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар