Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді

cover Фото: Pixabay.com

Қазақстандық туристердің құқықтарын кепілдендіру жүйесі 28 ақпаннан кейін рәсімделген Таяу Шығыс елдеріне сапарларға уақытша қолданылмайды. Бұл туралы шығу туризмі саласындағы ҚР азаматтарының құқықтарын кепілдендіру жүйесінің әкімшісі «Туристік Қамқор» ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.      

Ұйымның мәліметінше, 28 ақпаннан бастап өңірдің бірқатар елдеріне турлар бойынша туркод беру тоқтатылған. Тізімге мына елдер кірді: Иран, Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн, Кувейт, Иордания және Оман.

Шектеулер уақытша сипатта және жағдай тұрақтанып, туристер үшін қауіпсіздік расталғанға дейін күшінде болады.

Осыған байланысты туристік компанияларға жеке хабарлама шыққанға дейін аталған бағыттар бойынша туристік сапарларды уақытша қалыптастырмау және сатпау ұсынылды.

Сонымен 28 ақпаннан кейін бұл елдерге шығатын туристерге кепілдік жүйесі қолданылмайды.

Сапарды болдырмау немесе кейінге қалдыру, сондай-ақ туристерге ақшаны қайтару мәселелерін тур сатып алынған туристік агенттіктер арқылы шешу ұсынылады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар