Табыстарды декларациялаудың үшінші кезеңі басталды
Сурет: halyq-uni.kz сайтынан
Қазақстанда ресми түрде табыстарды жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары табыстары туралы декларация тапсыруға міндетті.
Жалпыға бірдей декларацияны іске асыру кестесі келесідей:
· Бірінші кезең – 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталды, онда;
- жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар және олардың жұбайлары;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары;
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Банктер туралы» және Қазақстан Республикасындағы банк қызметі», «Сақтандыру қызметі туралы», «Нарық туралы» бағалы қағаздары» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар тапсырды.
· Екінші кезең – 2023 жылғы 1 қаңтардан басталған болатын, оларға:
- мемлекеттік органдардың қызметкерлері және олардың жұбайлары;
- квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары;
· Үшінші кезең – 2024 жылғы 1 қаңтардан басталды:
- заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;
- жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары кіреді.
· Төртінші кезең – 2025 жылғы 1 қаңтардан басталады:
Онда елімізді барлық басқа азаматтары табыстары туралы декларация тапсыруға міндетті болады.
Жаңалықтар
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды