Түркістан тауларында тағы төрт турист жоғалып кетті

cover

Түркістан тауларында тағы төрт турист жоғалып кетті. Облыстық полиция департаментінің айтуынша, олар табылып, үйлеріне оралған.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

4 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 9 маусымда полиция бөліміне келіп түскен. Анықталғандай, Шымкенттен келген бір отбасы мүшелері Безымянный шыңына екі көлікпен көтерілген. Әйелдер мен қарттар төменде қалған, ал 1981 және 1984 жылғы екі ер адам 2005, 2008 жылы туған балаларымен тауға көтерілген.

Олар сол күні қайта түсу керек болған, келмеген соң отбасы мүшелері бірден дабыл қаққан.

Іздеу шараларына Полиция, төтенше жағдайлар бөлімі және орман күзетшілерінен құрылған үш мобильді іздеу тобы қатысты.

– Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 10 маусымға қараған түні мобильді топтардың бірі жоғалып кеткен туристерді аман- есен тапты. Олар туыстарына қайтарылды. Белгілі болғандай олар екі таулы өзен арасында адасып, бағыттан жаңылысқан, - деді Түркістан облысының полиция департаменті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар