Суретке түсу үшін вагонға шыққан жасөспірімді кернеуі 27 мың вольттық тоқ соқты

cover Фото: Envato

Дәрігерлер жасөспірімнің жағдайы ауыр екенін айтты,  оның денесінің 80 пайызын күйік шалған, деп хабарлайды Orda.kz.

Қайғылы оқиға 27 тамызда Шымкент теміржол вокзалы аумағында болды. Полицияның мәліметінше, бала арнайы баспалдақпен жүк вагонына көтеріліп, суретке түскен. Сол кезде оны кернеуі 27 мың вольттық тоқ соққан.

Полицияның хабарлауынша, жасөспірім вокзал аумағына негізгі кіреберіс арқылы кірмеген, сондықтан бақылау камераларына түспей қалған.

Оқиға бойынша «қозғалыс қауіпсіздігі немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салсақ, 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа түзетулер күшіне енеді. Енді баланы оқтаумен ұрмақ түгілі шапалақпен тартып жіберген ата-аналар қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар