«Сұрақ, жауап алдын ала беріледі»: экс-депутат мәжіліс жиындарының сценариймен өтетінін айтты
Фото: Бейнеден кадр
Былтыр 25 желтоқсанда мәжіліс отырысында өткір пікір айтып, сауал жолдап, кейін мандатынан айырылған Гаухар Танашева өз еркімен қызметтен кетпегенін мәлімдеді. Оның үстіне мәжілісте бәрі алдын ала келісіммен өтетіні жайлы «Азаттыққа» берген сұхбатында ашық айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол былтыр билігі халқын аямаған елде ілгерілеу мүмкін емес екенін айтып, елдің әлеуметтік жағдайына тоқталған болатын. Халықтың 80 пайыздан астамы қарызбен өмір сүретінін ашық айтқан ол дәл осы сауалына еш рұқсат берілмегенін, дегенмен өзі сауалды қоюға шешім қабылдағанын айтты.
«Мені мәжілістен кетірді деп айтсам да болады. Себебі менің ең соңғы депутаттық сауалымды естіген боларсыздар. Сол жерде халықтың жағдайын көтергенмін. Халық пен үкімет арасындағы көпірдің жоқтығын айттым. Мен көтерген мәселе мәжіліске де, партияға да ұнаған жоқ. Себебі ол туралы маған «сіз мынандайды қойыңыз» деді. Депутаттық сауалдар бір айлап жататын. Соңғы депутаттық сауалымды оқыр алдында маған оны оқуға рұқсат берілмеген. Партия да рұқсат бермеді. Соңында сауалым Альберт Рауға түсті. Ол — Аманат партиясының өкілі, вице-спикер, «оқымайсың» деп айтты. Бірақ мен өзім оқимын деп шештім», — деді депутат.
Ол депутаттар елдің мәселесін көтерсе де, министрліктер өз бетінше әрекет етеді.
«Бюро отырысын жасап, орталық сайлау комиссиясына шешімді жібердік. «Сіз депутат емессіз» деп айтты. Сонда мені өтіп кеткен күнмен шығарып тастаған. Маған ескертілмеген. Бюро отырысы болса, мен ол отырысқа баруым керек еді. Шешіммен келіспесем ойымды айтуым керек. Маған ондай мүмкіндік берілген жоқ. Министрліктер өзінше, депутаттар өзінше. Депутаттар халықтың мәселесін көтереді. Министрліктер өз ісін жасап жүре береді. «Мәселені бірігіп шешейік, қолымыздан не келеді?» деп бірігу жоқ», — деді депутат.
Ол мәжілісте бәрі алдын ала келісіммен өтетінін, кімнің сұрақ қоятынына дейін шешілетінін жайып салды.
«Мәжілісте бәрі сценариймен өтеді. Ол бойынша үкімет сағаты өтеді, кім сөйлеуі керегі, қанша адам сұрақ қоятыны шешіледі. Сұрақтарды басында дайындап қояды. Министр болсаңыз жауабын береді. Депутат болсам маған сұрағын беріп қояды. Содан «жақсы, керемет» отырыс өтеді», — деді депутат.
Еске сала кетсек, 14 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Гаухар Танашбаеваны өкілеттігінен айыру туралы құжатқа қол қойған еді.
Жаңалықтар
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады