«Судья мен алқабилер ауысты»: 30 млн бопсалаған блогерлерге қатысты сот қайта басталды
Коллаж: Orda.kz
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотында блогер әрі қоғам белсенділері: Дамир Кушеев, Руслан Кәрімовке және Андрей Белянский мен Құрманғазы Айтмұхановқа қатысты сот процесі қайта басталды. 19 қараша күні сот процесінің бірінші отырысы өтті.
Orda.kz тілшілері жаңа судья, жаңа іріктелген алқабилер келген сотқа қатысып қайтты.
Еске сала кетейік, бұл іс бойынша сот процесі екінші рет қаралып жатыр. Алғашқы сот процесі 15 қазан күні тоқтаған болатын. Үкім шығарар күні істі қарап отырған судья Бақытхан Бәкірбаевтың денсаулығы күрт нашарлап, сот отырысына үзіліс жарияланды. Келесі күні белгіленген уақытта №2 алқаби сотқа келмей, денсаулығына байланысты қатыса алмайтынын хабарлаған. Қосалқы алқабиді алмастыру мүмкіндігі болмағандықтан, сот өткен сот талқылауын жарамсыз деп танып, сот ісі қайта қаралатынын мәлімдеді.
29 қазан күні процесс басталып, жаңа судья Гаухар Шалабаева алқабилерді іріктеді. 19 қараша күні процестің басты отырысы басталды.
Процесс сағат 10:50-де басталып, адвокаттардың талап-арызы тыңдалды. Арыздар іске аудио және бейнематериалдарды қосуға, сондай-ақ жаңа куәларды сотқа шақыруға қатысты болды.
Қорғаушы Әмір Әкімжанов жәбірленуші Бахтияр Блаевтың әкесі мен қарындасын сотқа шақыру туралы өтініш берді. Әкімжановтың айтуынша, қарындасы Жасмин Блаева ақша тапсыру кезінде негізгі рөл атқарған.
Айыптаушы тарап өтінішке қарсы шығып, Жасминнің жасы небәрі 18-де және психологиялық жағынан тұрақсыз екенін алға тартты. Ал Блаевтың әкесі жақында екі операциядан өтіп, әлі қалпына келе қоймаған. Судья өтінішке қатысты әлі шешім шығармады.
Кушеевтің қорғаушылары сотқа қосу үшін бірнеше видео материал ұсынды. Бейнематериалдардың екеуі 2023 жылдың тамызында TikTok-та жарияланған және самокат ұрлығы мен пара беру ісіне қатысты.
Бейнежазбаның бірінде Кушеев «зэки» деген сөз қолданған. Судья бұл сөз қатысушылардың абыройына әсер етуі мүмкін деп, бейнежазбаны осы сөздерді дыбыссыз көрсетілсін деген талаппен материалға қосылатынын бекітті.
Барлық өтініштер алқабилер залға кірмей тұрып қаралды. Үзілістен кейін алқабилер келгенде бірінің жоқ екені белгілі болды. №4 алқаби жақын туысының қайтыс болуына байланысты басқа қалаға кеткен. Ақыры судья сот отырысын тоқтатып, жұма күні жалғасатынын айтты.
Айыпталушылар алқабилерді сот отырыстарын себепсіз қалдырмауды, процеске толық қатысып, өз міндеттеріне барынша жауапкершілікпен қарауды өтінді.
Еске сала кетейік, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотында блогер әрі қоғам белсенділері: Дамир Кушеев пен Руслан Кәрімовке қатысты кәсіпкер Бахтияр Блаевтан 30,5 миллион теңге бопсалады деп айыпталып отыр. Айыпталушылар қатарында кәсіпкерлер Андрей Белянский мен Құрманғазы Айтмұханов та бар.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды