Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 2576 үй құрылысы аяқталды — Шарлапаев
Фото: Үкімет
Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 2576 үйдің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгінгі үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға арналған 2576 үйдің құрылысы аяқталғанын хабарлады. Оларды салу жұмыстары мамыр айының соңында басталып, 4 ай ішінде аяқталды.
«Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Атырау облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы 100% аяқталды. Құрылыс жұмысы Ақмола (38 үй) және Батыс Қазақстан өңірлерінде (66 үй) жалғасып жатыр», — деп хабарлады Шарлапаев.
Сондай-ақ, ол жаңа үйлерді қыркүйек айының соңында тапсыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Көктемгі су тасқыны салдарынан Қазақстанда барлығы 17 603 үй зардап шекті, оның 8 447-сі кейіннен апатты деп танылды. Мемлекет жаңа үй салудан бөлек, қайталама нарықта 5 767 тұрғын үй сатып алды.
Жаңалықтар
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр
- Тоқаев Трампқа «Артемида-2» миссиясы ғарышты игерудегі тарихи кезең екенін айтты
- Қостанай облысының тергеудегі экс-шенеунігіне қандай айып тағылды?
- Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына қанша қаржы құйды
- Тегеранға жасалған соққылар кезінде жараланған Хаменеидің кеңесшісі көз жұмды
- 25 млн теңге талап еткен: Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалаған бойжеткен ұсталды
- Еліміздің әртістері миллиардтаған табыстан қағылып келген
- Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын құттықтады
- Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды
- Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
- Қостанайда ер адам тұрғындарды алдап, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталды