Су бетін жапқан өлі балық: БҚО-дағы су айдынында балықтар жаппай қырылды
Фото: Бейнеден кадр
Батыс Қазақстан облысындағы су айдындарының бірінде жаппай қырылған балықтардың бейнежазбасы тарады. Бейнежазба 19 наурыз күні Жаңғала ауданына қарасты Жаңақазан ауылында түсірілген, деп хабарлайды Orda.kz Мой город-қа сілтеме жасап.
Ал 20 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ауыл шетінде орналасқан Сарыайдын көлінде балықтар жаппай қырылған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, жас мөңке балықтар қырылған. Қазіргі уақытта қырылған балықтың жалпы көлемі нақтылануда. Мамандардың болжамынша, негізгі себеп — суда оттегінің жетіспеуі», деп хабарлады әкімдік.
Қазіргі таңда оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен басқа да тиісті мекеме мамандары жұмыс істеуде. Қырылған балықты жинау және жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ аумақ тексеріліп, зертханалық сараптама үшін су мен балықтан сынамалар алынуда.
Әкімдік салдарын жою жұмыстарына жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар қызметі, санитарлық мекемелер, табиғатты қорғау ұйымдары және салалық инспекциялар тартылғанын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
- Ақтөбеде жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
- Тегеран бес елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді
- ҰҚК заңсыз контрабандамен айналысты деген 18 шетелдікті ұстады
Жаңалықтар
- Алматыда жантүршігерлік жол апатынан кейін бақылау күшейтілді
- Тоқаев баршаға тең мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстан туралы айтты
- Мектеп оқушысы сыныптасына оқ атып, кейін терезеден секірді
- Түрік танкеріне Қара теңізде шабуыл жасалды
- Алматыдағы әл-Фараби даңғылында тағы бір жүргізуші әйелді қағып өлтірді
- Су бетін жапқан өлі балық: БҚО-дағы су айдынында балықтар жаппай қырылды
- Ақтөбеде жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
- Тегеран бес елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді
- ҰҚК заңсыз контрабандамен айналысты деген 18 шетелдікті ұстады
- Ақтөбе облысында 99 жасөспірім қыз жүкті болды
- Алматыда мереке кезінде бес мыңнан астам адам жол ережесін бұзған
- Тоқаев Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық қатынас дами беретініне сенім білдірді
- Трамп сенбіге дейін соғысты тоқтатуы мүмкін — Израильдік БАҚ
- БҚО-да тағы бір дрон құлады
- Иран АҚШ шарттарын қабылдамаса Трамп елді «тозаққа айналдырмақшы»
- Иран соғысты тоқтатудың 5 шартын атады
- Сайлаудан жалтаруда: Нетаньяху мерзімінен бұрын бюджетті бекітуге ниетті
- Тұрғын үйдегі жарылыс: Шахтинскідегі апаттан аман қалғандардың жағдайы қалай?
- Алматыда ұялы телефондар дүкеніне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
- Телефонға алаңдап, қарсы жолаққа шығып кеткен: Алматыда көлік аударылды