Стоматологиядағы бала өлімі: Кінәлі дәрігер қамалмайтын болды

cover Фото: Бейнеден кадр

Астана соты абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру бабы бойынша қозғалған анестезиолог дәрігердің ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ол сот шешімімен екі жылға сотталды. Алайда, рақымшылық заңына сәйкес сот залынан босатылды. Оған 3 жылға дейін медициналық қызметпен айналысуға тыйым салынды. 

Қайғылы оқиға өткен жылы 30 қазанда Астана қаласындағы стоматологиялардың бірінде болған. Анестезиолог севоран препаратын қолданып тіс емдеу кезінде 3 жасар қыз көз жұмған еді.

Айта кетейік, Актер Мұрат Бисембин инсульт алып ауруханаға түсті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар