Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері болды
Фото: РИА Новости
Ресейлік бапкер Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері болды.
Бұл туралы «Московский комсомолец» хабарлайды.
Қазіргі сәтте Станислав Черчесов Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері ретінде ҚР футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловпен жасасқан келісімшартын нақтылап жатыр.
Футболдан Ресей құрамасының экс-тәлімгері басылымға: «Біз қол алысып, Қазақстан ұлттық құрамасын басқарамын деген іргелі шешім қабылдадық. Қазір келісімнің кейбір тұстарын талқылаудамыз!»,- деді.
Қазақстан футбол федерациясының басшысы бұл тағайындау бойынша пікір білдірді.
«Біріншіден, Станислав Черчесовпен келісімге қол қою – қазақ футболындағы жаңа кезең. Біздің футболда қалыптасқан қағидаларды бүкіл футбол әлеміне танымал осындай беделді, абыройлы маман жалғастырып, нығайта бермек. Станислав Саламұлы өзінің футболдағы шеберлігімен, идеяларымен, футбол индустриясын басқарудың тамаша маманы ретінде келеді. Оның қазақ футболының дамуына үлкен үлес қосатынына сенімдіміз. Біз қазір соңғы келіссөздерді талқылап жатырмыз»,- деді Әділет Барменқұлов.
Еске сала кетейік, 2016 жылдан 2021 жылға дейін Черчесов Ресей құрамасын басқарды. Ол 2018 жылы үйдегі әлем чемпионатының ширек финалына дейін жетті және Еуро-2020 тобында үшінші орын алды. Өткен жылға дейін ол венгриялық Ференцварошты жаттықтырған.
Сондай-ақ, Черчесовтың бапкерлік мансабында Польшаның «Легия», ресейлік «Динамо», «Амкар», «Терек», «Жемчужина» және «Спартак» және австриялық «Ваккер-Тироль» болды.
Ұлттық құрама Черчесовтың жетекшілігімен осы айда екі жолдастық кездесу өткізеді – Армения (7 маусым) және Әзірбайжан (11 маусым), ал күзде Ұлттар лигасының В дивизионында (қарсыластар - Словения, Норвегия және Австрия) ойнайды.
Жаңалықтар
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды