Сотталған Ұлттық палатаның төрағасы Мырзахметов колонияда қап тігіп жүр
Фото: Atameken.kz
Сотталған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов қайтадан шартты түрде босатуды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтың колонияда қап тігіп жүрген сәті бейнежазбаға түсіп қалған.
Ол өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап, өтініш жолдаған. Бұл туралы Павлодар облыстық соты хабарлады.
Облыстық соттың баспасөз қызметі сотталған азаматтан өтініш түскенін растады, бірақ ол әзірге қаралмағанын айтты. Бұған дейін, қаңтар айында Мырзахметов жазасын жеңілдету туралы сұраған, алайда сот оған негіз таппаған.
«Оң мінез-құлқы байқалмаған. Бүкіл жазасын өтеу мерзімінде тек бір рет — еңбекке адал қарағаны үшін ғана көтермелеу алған. Бұл, заң бойынша, сотталған адамның негізгі міндеті болып саналады»,— деген еді сол кезде сот өкілдері.
Абылай Мырзахметов 2013 жылдан 2022 жылға дейін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын басқарды. 2024 жылдың мамыр айында Астана қаласының соты оны аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыптап, 5 жылға бас бостандығынан айыру және 5,8 миллиард теңгені мемлекет пайдасына тәркілеу жөнінде үкім шығарды.
Бұған дейін, 1998 бен 2001 жылдар аралығында Мырзахметов республикалық мемлекеттік кәсіпорын мәртебесіне ие болған «Қазақстан темір жолы» компаниясының президенті қызметін атқарған. Кейін көлік және коммуникациялар министрі болып тағайындалып, 2002 жылдың көктемінде тергеу жұмыстарына байланысты қызметінен уақытша шеттетілді. 2003 жылдың мамырында ол мемлекет мүлкін жымқыруды ұйымдастырды деп танылып, шартты түрде бес жылға сотталды, сонымен қатар мүлкі тәркіленді.
Еске сала кетейік, мәжіліс депутаттары Сара Алпысқызы жайлы қандай пікірде екенін жазған едік.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды