Сотталған экс-шенеунік Бақытгүл Хаменова Атыраудағы тойда байқалды
Фото: бейнеден кадр
Сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары әрі мәслихаттың экс-депутаты Бақытгүл Хаменова Атырауда өткен қыз ұзату тойында құрметті қонақ болды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Бәсе» кадрларында Хаменованың сәнді киім киіп, өңірдің жоғары лауазымды тұлғаларының ортасында тұрғаны байқалады.
«Тойда Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрхат Уразбаев сөз сөйлеп тұр. Қасында Атырау әкімі Шәкір Кейкин, ал сәл арыда облыс әкімнің орынбасары Марат Мұрзиев. Сол маңда облыстық мәслихат төрағасының орынбасары Мұса Хайрулиев те бар. Бір шаршы метрде ондаған шенеунік пен күш құрылымдарының өкілдері тұр» деп жазды Бәсе.
2016 жылы билеуші партияның съезінде ол «Елбасыдай ерен тұлға барда, елімнің ертеңіне сенемін» деп жар салған. Бұл сөз — Солтүстік Кореяда орден беретін деңгейдегі мадақ еді.
Дәл осы мәлімдемеден кейін Хаменова Мәжіліс депутаты атанып, кейін «Құрмет» орденімен марапатталды.
2020 жылдың наурызында ол Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, ал бір жарым жылдан соң ұсталды. Тергеу барысында Хаменованың Абай ескерткішін орнату ісі үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алғаны дәлелденді.
Еске салайық, 2022 жылы Бақытгүл Хаменова Қазақстан Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігі, 2-тармағы («Топтасып ірі мөлшерде пара алу») бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылып, «Құрмет» ордені қайтарылған.
Кәмелеттік жасқа толмаған балаларының болуына байланысты жазаны өтеу үш жылға шегерілген. Сот үкімінен кейін Хаменова сот залынан босатылған еді.
Жаңалықтар
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу