Сот жылдар бойы қудаланған желтоқсаншыны қуғын-сүргін құрбаны деп таныды
Коллаж Orda.kz
Сот Желтоқсан оқиғасына қатысқан ақтөбелік азаматты қуғын-сүргін құрбаны деп таныды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбелік 64 жастағы тұрғын 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін көрген қуғын-сүргінін ресми түрде мойындатты.
Ақтөбе қаласының №3 соты оны саяси қуғын-сүргін құрбаны деп таныды.
Азамат 1984 жылы Гурьев облыстық партия комитеті мен Мақат локомотив депосы кәсіподақ ұйымының жолдамасымен Қазақ мемлекеттік университетінің дайындық бөліміне түсіп, бір жылдан кейін философия және экономика факультетінің студенті атанған.
Алайда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін, 18 желтоқсан күні, оны құқық қорғау органдары еш айып тақпастан ұстап әкеткен. Көп ұзамай ол университеттен шығарылып, партия қатарынан қуылады.
«Кейін босатылғанымен студент КОКП қатарынан шығарылып, қуғын-сүргінге ұшырап, жұмысқа тұра алмаған. Сол университеттің философия факультетін бітірген оның әйелі де осындай себептермен жұмысқа орналаса алмай, түрлі кедергілерге тап болған», – деп жазды сот.
2025 жылы азамат саяси қуғын-сүргінге ұшырағанын ресми мойындату үшін сотқа жүгінді. Істі қарау барысында сот оның расында да Желтоқсан оқиғасына қатысқанын және соның салдарынан еңбек құқықтарының бұзылғанын, қуғын-сүргінге ұшырағанын анықтады.
Сот Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 306-бабына және «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңның 2-бабына сүйене отырып, азаматты саяси қуғын-сүргін құрбаны деп таныды. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Еске сала кетейік, саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Қарағанды қаласында қоғам белсенділері Бақытжан Жансейітов пен Болатбек Тоқмырза ұсталып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған еді.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды