Сот шешіміне қарамастан әкімдік пен кәсіпкерлер арасындағы жер дауына нүкте қойылмады

cover Коллаж: Orda.kz

3 желтоқсанда Қонаев қаласында «Тұмар» компаниясы мен «Мияло Агро» кәсіпорны арасындағы апелляциялық сот отырысы өз мәресіне жетті. Даудың түп-төркіні Балқаш ауданындағы 2000 гектар жер теліміне қатысты. Екі тарап арасындағы келіспеушілік 2019 жылдан бастау алады. Сол жылы «Мияло Агро» аталған жерді «Тұмар» компаниясынан жалға алып, кейін осы учаскеге таласып, даулы мәселелер туындап, сотқа жүгінген.

Orda.kz редакциясы бұған дейін екі компания арасындағы даудың қалай өрбігенін жазған.

Еске салар болсақ, Алматы облысында кәсіпкерлер 1900 гектар жерді рейдерлік жолмен тартып алмақ болғанын мәлімдеді.  «Тұмар құрылыс компаниясы» ЖШС-ның жерін «Миялы Агро» ЖШС-ға әкімдік сот шешіміне қарамастан уақытша берген. Бір қызығы сот өз төрелігін айтса да, әкімдік оған пысқырып та қарамаған. Соттан жеңсе де, әкімдіктен опық жеген кәсіпкерлердің үстінен «жығылғанға жұдырық» болып, жазықсыз қылмыстық іс қозғап жіберген. 

Orda.kz редакциясы айдың күннің аманында жер телімін күшпен тартып алу жайлы даудың мән-жайын және оған депутаттың қандай қатысы барын анықтап көрді. Мәселені толық түсіну үшін алдыңғы жарияланған мақаланы мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Қадыр Асқар Қадырұлы сот шешіміне қарама-қайшы жаңа қаулы шығармақ болды. Ол даулы жер учаскесін «Миялы Агро» компаниясына беруді тапсырды. Ал сот бұрын сол жерді «Тұмар» компаниясына тиесілі деп танып, құқықтарын қорғаған. Сонымен бірге, сот орындаушысы Марат Мырзабаевтың заңсыз әрекеттері мен мүлікті борышкерлер келісімінсіз беру деректері құқық қорғау органдары тарапынан тексеріліп жатыр.

«Мияло Агро» компаниясы бірінші сот инстанциясында жеңіліс тапқан соң апелляциялық шағым түсірді. Қазіргі уақытта Қонаев қаласында апелляциялық соттада жеңіліс тапты. Кезекті отырыста компанияның сотқа берген құжаттары бірнеше рет сұрақ тудырды. Алдыңғы сотта «Мияло Агро» компаниясының тіркелгендігіне күмән тудырған материалдар ұсынылды. Судья бұл құжаттарды растайтын заңды дәлелдердің жоқ екенін айтып, олардың жарамсыз екенін ескертті. Ал 2024 жылы компания келісімшарттың бұзылғанын жариялады.

Сот орындаушысының әрекеті күмән тудырды

Сот орындаушы Марат Мырзабаевтың әрекеттері де көп сұрақ туғызды. Оның айтуынша, 2021 жылғы 28 сәуірдегі қаулы бойынша «Тұмар» компаниясы өз борышын өтеуге келісіп, жер телімін басқа тарапқа беру мәселесіне қарсы болмаған. Дегенмен компания тарапынан жер телімін сату немесе пайдалануға қатысты өтініш түспеген. Бұл дауды одан әрі шиеленістіріп, істі күрделендіріп жіберді. Қысқасы, сот орындаушысы Марат судья тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап бере алмады.

«Мияло Агро» өкілдері судьяларға бірінші инстанцияда сот орындаушы Маратқа жеке қаулы шығарған судьяның әрекеті заңсыз деп есептелетінін айтып, өздерінің құқығы тапталғанын алға тартты. Ал «Тұмар» компаниясының өкілдері сот орындаушысының әрекетіне көңілдері толмай, шара қолдануды, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті. Құжаттарды дұрыс жолдамау және сот қаулысының уақытында тіркелмеуі рейдерлік әрекет ретінде бағаланды.

Бұл жағдайға ашуланған Мараттың заңгері «Тұмар» компаниясының өкілі Мендешовті сотқа «кроссовкамен келгенін» айтып, шағымданды. Судья бұл шағымды негізсіз деп тауып, тақырыптан ауытқымауды ескертті. Бұл өтініш судьяларды еріксіз езу тарттырды.

Сот мүлікті сатуды тоқтатқаннан кейін, заң бұзушылықтарды тексеру үшін қосымша тергеу жүргізілді. Неге екені белгісіз барлық құжаттар кейінгі күнмен рәсімделген, ал мүлікті басқа адамға беруге әрекет жасау заңсыз деп танылды.

Сот сот орындаушысының әрекеттерін заңсыз деп танып, мүлікті заңсыз иелену әрекетін анықтау маңызды деп есептеді. Бұл дауды толық шешу үшін әлі көп жұмыс қажет. Сот өкілдері шағымды қайта қарауды сұрап отыр.

22 желтоқсан күні «Тұмар»  компаниясы мен «Мияло Агро» компаниясы арасындағы жер дауының нүктесі қойылды. Соңғы сот отырысына Хасанның ісін жүргізген прокурор келіп қосылды. Бұл қаншалықты заңды? Прокурор Іле аудандық сотының шешімін бұзуды сұрады. 

Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Жеңілдететін мән-жай ретінде жаңа мән-жайлардың пайда болуы ескерілді. Осыған байланысты айыптау тарапы Іле аудандық сотының 2025 жылғы 9 шілдедегі «Тұмар»  компаниясының өкілдеріне қатысты ақтау үкімінің күшін жойып, оны ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тану туралы жаңа үкім шығаруды сұрайды.

«Сонымен қатар, Тәуелсіздік күніне орай берілген рақымшылық заңын қолданып, оны қылмыстық жауаптылықтан босату ұсынылады. Бұдан бөлек, ақтау үкімі күшін жойған жағдайда соттың нормативтік қаулыларына сәйкес, жекеше қаулы шығару,  оның ішінде сот орындаушылары мен тиісті әкімшілік органдардың әрекеттеріне қатысты мүмкіндігі бар екені көрсетілді», - деді прокурор.

Сот Іле аудандың сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сонымен қатар прокурор жеке сот орындаушысына тағайындалған жеке қаулының күшін жоюды сұраған болатын. Ал, судья оны да өзгеріссіз қалдырып, Марат Мырзабаевтың іс-әрекетін тексеруді тапсырды. «Тұмар» компаниясының өкілдері моральдық шығын өндіруге ниеттенсе, ал «Мияло Агро» төмен тұрған соттардың шешімдеріне шағымдарды кассациялық тәртіппен қарайтын Жоғарғы сот сотқа шағым түсіреміз деп отыр. 

Сонымен аппелияциялық сот өтсе де бұл даудың нүктесі әлі қойылмады. Әкімдіктің, сонымен қатар жеке сот орындаушының іс әрекеті жеке-жеке қаралып,  баға берілу керек сияқты. Қазіргі таңда жалған құжат жасау тіпті оңай болып кетті. Осының кесірінен қаншама халық зардап шегіп отыр. Халықтың жеке құжаттарының қауіпсіздігі сақталу үшін не істеу керек және бұған кім жауапты деген сұраққа билік не деп жауап берер екен.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар