Сот Еуразиялық банктің өкілеттігін уақытша шектеді

cover Фото: Envanto

Алматыдағы экономикалық сот кәсіпкер Патох Шодиевтің Еуразиялық қаржы компаниясына (оның құрамында Еуразиялық банк пен «Еyразия» сақтандыру ұйымы бар) қарсы талабын ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды Orda.kz.

Сот шешімі бойынша Еуразиялық банк пен оның еншілес құрылымдары 30 шілдеде Шухрат Ибрагимов пен Андрей Копов қабылдаған директорлар кеңесінің шешімдерін әзірге орындай алмайды. Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкіметке» компания басшылығына қатысты деректерді өзгертпей тұру тапсырылды.

ЕҚК акционерлерінің тартысы 2025 жылдың басынан бері жалғасып келеді. БАҚ дерегінше, Шодиев компанияны сатуды қолдайды, ал Ибрагимов қарсы.

Сот тараптардың өтінішін қанағаттандырмай, уақытша шектеу шараларын күшінде қалдырды. Олар түпкілікті шешім шыққанға дейін жалғасады.

Еске сала кетсек, тілшіміз Еуразиялық қаржы компаниясының ірі акционерлері арасындағы жанжал ушыққаны жайлы жазған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар