Солтүстік Қазақстанда телемедициналық пилоттық жобаға 16 ауыл қосылды

cover Сурет ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында Франция үкіметінің телемедицина саласындағы пилоттық жобасы аясында 16 ауылға LIMSTAR телекеңес беріледі, деп хабарлайды Orda.kz.

Франция елшілігінің мәліметінше, бұл жобаға Франция үкіметі 650 мың еуро грант бөлген.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 16 ауылдың 115 мыңнан астам тұрғыны мықты  медицина мамандарының кеңесіне қол жеткізе алады.

«LIMSTAR Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерлеріндегі науқастарды (алты ауданаралық аурухана, сегіз амбулатория, екі медициналық пункт) Петропавл қаласындағы екі облыстық көпсалалы аурухананың (ересектер мен балалар) жалпы және мамандандырылған медициналық (гинекологиялық, акушерлік, кардиология, ЛОР, дерматология, офтальмология, вирусология) кеңес береді» деп хабарлады елшілік.


Дәрігерлер медициналық сенсорлар арқылы бейне режимде пациенттерге кеңес бере алады. Әрбірі ЭКГ, ультрадыбыстық сканер, дерматоскоп, қол камерасы, отоскоп және стетоскоп сияқты әртүрлі медициналық сенсорлармен жабдықталған.

Жабдықтар қазірдің өзінде Петропавлдағы екі облыстық ауруханаға және облыстың 16 ауылдық округіне жеткізіліп, орнатылды.

Жобаның салтанатты іске қосылуы 29 қаңтарда өтеді, ал 2024 жылдың сәуірінде пилоттық жоба аяқталып, құрал-жабдықтар медициналық ұйымдардың меншігіне өтеді.

Келесі медициналық мекемелерде телеконсультация орнатылды:

Айыртау ауданы:● Саумалкөл аудандық ауруханасы● Арықбалық дәрігерлік амбулаториясы● Гусаков дәрігерлік амбулаториясы

Ақжар ауданы:● Ақжар аудандық ауруханасы● Ленинград дәрігерлік амбулаториясы

Мағжан Жұмабаев ауданы:● Булаев аудандық ауруханасы● Возвышенская дәрігерлік амбулаториясы● Полудино медициналық орталығы

Тайынша ауданы: ● Тайынша ауданаралық ауруханасы ● Чкалов дәрігерлік амбулаториясы ● Келлеровка  ауыдық дәрігерлік амбулаториясы. ● «Жасыл Гай» медициналық орталығы

Уәлиханов ауданы: ● Кішкенекөл аудандық ауруханасы ● Бидайық дәрігерлік амбулаториясы

Жамбыл ауданы: ● Пресновка аудандық ауруханасы ● Благовещенка ауылының амбулаториялық орталығы.

«Солтүстік Қазақстан облысында пилоттық жобаны сәтті жүзеге асыру Қазақстандағы телемедицина жүйесін одан әрі дамытуға ықпал етіп, медициналық көмек пен халықтың өмір сүру сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді» деп хабарлады Франция елшілігі. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар