Солтүстік Қазақстанда телемедициналық пилоттық жобаға 16 ауыл қосылды
Сурет ашық дереккөзден
Солтүстік Қазақстан облысында Франция үкіметінің телемедицина саласындағы пилоттық жобасы аясында 16 ауылға LIMSTAR телекеңес беріледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Франция елшілігінің мәліметінше, бұл жобаға Франция үкіметі 650 мың еуро грант бөлген.
Солтүстік Қазақстан облысындағы 16 ауылдың 115 мыңнан астам тұрғыны мықты медицина мамандардың кеңесіне қол жеткізе алады.
«LIMSTAR Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерлеріндегі науқастарды (алты ауданаралық аурухана, сегіз амбулатория, екі медициналық пункт), Петропавл қаласындағы екі облыстық көпсалалы ауруханаға қаралушыларына (ересектер мен балалар) жалпы және мамандандырылған медициналық (гинекологиялық, акушерлік, кардиология, ЛОР, дерматология, офтальмология, вирусология) кеңес береді» деп хабарлады елшілік
Дәрігерлер медициналық сенсорлар арқылы бейне режимде пациенттерге кеңес бере алады. Әрбірі ЭКГ, ультрадыбыстық сканер, дерматоскоп, қол камерасы, отоскоп және стетоскоп сияқты әртүрлі медициналық сенсорлармен жабдықталған.
Жабдықтар қазірдің өзінде Петропавлдағы екі облыстық ауруханаға және облыстың 16 ауылдық округіне жеткізіліп, орнатылды.
Жобаның салтанатты іске қосылуы 29 қаңтарда өтеді, ал 2024 жылдың сәуірінде пилоттық жоба аяқталып, құрал-жабдықтар медициналық ұйымдардың меншігіне өтеді.
Келесі медициналық мекемелерде телеконсультациялық қызмет орнатылды:
Айыртау ауданы:● Саумалкөл аудандық ауруханасы● Арықбалық дәрігерлік амбулаториясы● Гусаков дәрігерлік амбулаториясы
Ақжар ауданы:● Ақжар аудандық ауруханасы● Ленинград дәрігерлік амбулаториясы
Мағжан Жұмабаев ауданы:● Булаев аудандық ауруханасы● Возвышенская дәрігерлік амбулаториясы● Полудино медициналық орталығы
Тайынша ауданы: ● Тайынша ауданаралық ауруханасы ● Чкалов дәрігерлік амбулаториясы ● Келлеровка ауыдық дәрігерлік амбулаториясы. ● «Жасыл Гай» медициналық орталығы
Уәлиханов ауданы: ● Кішкенекөл аудандық ауруханасы ● Бидайық дәрігерлік амбулаториясы
Жамбыл ауданы: ● Пресновка аудандық ауруханасы ● Благовещенка ауылының амбулаториялық орталығы.
«Солтүстік Қазақстан облысында пилоттық жобаны сәтті жүзеге асыру Қазақстандағы телемедицина жүйесін одан әрі дамытуға ықпал етіп, медициналық көмек пен халықтың өмір сүру сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді» деп хабарлады Франция елшілігі.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды