«Соғыс қауіпі»: Ауғанстан тәліптері Өзбекстаннан әуе қаруын қайтаруды талап етті

cover Коллаж Orda.kz

Тәліптер АҚШ пен Өзбекстан арасындағы ауғандық авиациялық техниканы беру жөніндегі келісімге қарсы шықты. Олар бұл техниканың ауған халқына тиесілі екенін мәлімдеді.

Бұл туралы өзбекстандық kun.uz порталы хабарлады.

Ауған тәліптерінің Қорғаныс министрлігі авиациялық техниканы АҚШ-қа беруіне қарсылық білдірді. Олар бұл техника ауған халқына тиесілі деп мәлімдеді. 2021 жылы тәліптерден қашқан ауған әскерилері бұл техниканы Өзбекстанға жеткізген болатын.

Өз мәлімдемесінде тәліптер:

 «Өзбекстандағы ауған тікұшақтары мен ұшақтарының тағдырына қатысты кез келген келісімге жол берілмейді»,  деп атап өтті.

Сондай-ақ, Ташкенттен техниканы Ауғанстанға қайтару туралы «әділ шешім» күтетініндерін білдірді.

Алайда АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі Джонатан Хеник бұл техниканың әрдайым Америкаға тиесілі болғанын және оны ауған әскери күштері пайдаланғанымен, ол АҚШ-тың меншігінде қалғанын мәлімдеді. Жоспар бойынша, ұшақтар мен тікұшақтар Өзбекстанда қалады. Ал АҚШ орталық азия елдерімен бұл техниканың бір бөлігін терроризммен күресте қолдау көрсету үшін айырбастау туралы келіссөздерді жалғастырады.

Бұл жағдай аймақтағы қарым-қатынастарды шиеленістіріп жіберді. Ал әзірге Ташкенттің қандай шешім қабылдайтыны белгісіз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар