«Слованды» жеңген «Қайрат» чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті
Instagram/ f.c.kairat
«Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының іріктеуінде «Слованды» пенальти сериясынан жеңіп, 4-іріктеу кезеңіне өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматылық клуб словакиялықтарға 120 минут бойы дес бермей, пенальти сериясында 4-3 есебімен жеңді. Қарымта матч басталғанда қорғаушы Егор Сорокиннің қателігін пайдаланған Роберт Мак 30 минутта жалпы есеп айырмасын (1-1) теңестірді.
Келесі матч басталғанда «Қайрат» шотландиялық «Селтик» футбол клубымен кездеседі.
«Қайраттың жолы болып кетті. Екі матчта да шешуші сәттердің барлығында басым болды. Ал пенальти дегеніміз – лоторея», – деді жаттықтырушының көмекшісі Борис Китка.
Еске сала кетейік, бұған дейін екі клубтың бірінші кездесу ойынының алдында өткен баспасөз-мәслихатында бұрынғы «Астана» ойыншысы Тигран Барсегян мен бұрынғы «Қайраттың» жаттықтырушысы Владимир Вайсс БАҚ өкілдеріне сұхбат берген болатын.
Ал ойын соңында «Слован» капитаны Владимир Вайсс төрешінің ойын кезіндегі шешіміне наразылық танытып, стадионның нашар екенін тілге тиек еткен болатын.
Жаңалықтар
- Жаңа Конституцияға дауыс беру бойынша алдын ала қорытынды 73,24% болды
- Қазақстанда референдумдағы дауыс беру аяқталды
- Референдум-2026: Дезинформацияға қарсы күрес орталығы желідегі жалған ақпараттарды тіркеп жатыр
- Заңсыз активтерді қайтару аясында мемлекетке 1 трлн теңгеден астам қаржы құйылды – Бас прокуратура
- Қазақстанда сағат 16:00-дегі жағдай бойынша референдумдағы алдын ала қатысу көрсеткіші 64,43% болды
- Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың екі шартын атады
- Референдум: Қаныш Сәтбаев атындағы университетте қалай өтіп жатыр?
- Назарбаев: Бір кезде мен Тоқаевты таңдадым, қазір де қолдаймын
- Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистермен брифинг өткізді
- Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады
- Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?
- Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр
- Референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы ақпарат жаңарды
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
- Назарбаев референдумда дауыс беруге келді
- Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді
- ОСК референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы дәл қазіргі мәліметті берді
- Азат Перуашев Референдумда дауыс берді
- Алматы облысы Іле ауданына тілшінің бақылап, ақпарат таратуына қарсы болған жағдай тіркелді
- Референдум: Бостандық ауданы тұрғындарының дауыс беруге белсенділігі байқалмады