СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты

cover Бейнежазбадан скриншот

Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігінің 32 жастағы жүргізушісі екінші жүк көлігімен соқтығысып қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz өңірлік полиция департаментіне сілтеп.

Жол-көлік оқиғасы Астана – Петропавл тас жолы бойында болған.

«7 наурыз күні Астана – Петропавл автожолында, Астраханка ауылы мен Чапаево ауылы аралығында екі MAN жүк көлігі соқтығысты. Соқтығыс салдарынан жүк көлігінің бірінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр» деп жазылған хабарламада. 

Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, ауа райы жағдайын ескеруді және көліктің техникалық жарамдылығын үнемі бақылап отыруды ескертті.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар