СҚО-дағы диагностика кабинетінде бір ер адам қайтыс болды

cover Фото: freepik.com

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық ауруханасында эндоскопиялық зерттеу кезінде 44 жастағы науқас қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Полицияның хабарлауынша, өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеушілер диагностика кабинетінде нақты не болғанын анықтап жатыр. 

Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық-фармацевтикалық бақылау комитеті де жағдайға түсініктеме берді. Ведомство құқық қорғау органдарының ресми өтінішінен кейін ауруханада тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен тексеру жүргізілетінін айтты.

Айта кетейік, кеше, 17 қараша күні БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 8 адам ажал құшты. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар